2021

Жылдық есеп
«Транстелеком» АҚ
2021 ///

06

Қоғам барлық акционерлердің тең құқықтарын
қамтамасыз етеді және корпоративтік басқару
жүйесін үздіксіз жетілдіріп отырады.


 
Корпора
тивтік
басқару


Корпоративтік басқару

Қоғамның қызметі қалыптасатын негізгі корпоративтік құндылықтар оның қызметкерлерінің әдептілігі, сенімділігі мен кәсібилігі, олардың жұмысының тиімділігі, өзара көмек, бір-біріне, мүдделі тұлғаларға және тұтастай қоғамға құрмет болып табылады.

  Жылдық есеп / Транстелеком / 2021

Қоғамдағы
корпоративтік
басқару туралы
жалпы ақпарат

Қоғам барлық акционерлердің тең құқықтарын қамтамасыз етеді және корпоративтік басқару жүйесін үздіксіз жетілдіріп отырады.

Қоғамның Директорлар кеңесі мен атқарушы органы акционерлердің, инвесторлардың және менеджменттің мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, Қоғамның табысты дамуын қамтамасыз етуге арналған тиімді корпоративтік басқаруды құрады.

Қоғамда заң бұзушылықтар туралы мәліметтерді жинау және құпия қарау тетігі қолданылады. Жедел желі «Транстелеком» АҚ қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, кемсітушілік, сондай-ақ ҚР заңнамасының нормаларын өзге де бұзу фактілері туралы құпия түрде мәлімдеуге мүмкіндік береді.


Қоғамның
корпоративтік
басқару құрылымы


Акционерлердің
жалпы жиналысы

2021 жылы Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы 2021 жылғы 28 маусымда өткізілді. 2021 жылы Акционерлердің жалпы жиналысының 4 отырысы өткізілді.


Қоғамның
Директорлар
кеңесінің есебі

Директорлар
кеңесінің құрамы

Директорлар кеңесінің құрамы 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Директорлар кеңесі 6 (алты) мүшеден: акционерлер тағайындайтын үш мүшеден, сондай-ақ үш тәуелсіз директордан тұрады:

Директорлар кеңесінің мүшесі Сайланған күні Мәртебесі
1 Әлиев Нұрәлі Рахатұлы 2016 жылғы 4 тамыз Акционердің өкілі
2 Амрин Салмен Габдоллинович 2019 жылғы 15 қараша Акционердің өкілі
3 Покупателев Дмитрий Александрович 2020 жылғы 6 ақпан Акционердің өкілі
4 Досмұқаметов Қанат Мұхаметкәрімұлы 2019 жылғы 15 қараша Тәуелсіз директор
5 Исекешев Ерлан Өрентайұлы 2016 жылғы 4 тамыз Тәуелсіз директор
6 ӨтеӨтемұрат Берік Мұстайұлытайұлы 2020 жылғы 6 ақпан Тәуелсіз директор

2021 жылғы 12 желтоқсанда Директорлар кеңесінің құрамынан Надыров Жанболат Уракович өз бастамасымен шықты.

Директорлар кеңесі
үшелеріне сыйақы беру
туралы ақпарат

Қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес Директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз міндеттерін орындау кезеңінде сыйақы төленеді және Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде олардың функцияларын атқаруына байланысты шығыстар өтеледі.

Директорлар кеңесінің мүшелеріне Директорлар кеңесі мүшесінің тұрақты тұратын жерінен тыс өткізілетін Директорлар кеңесінің және Қоғамның Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарына баруға байланысты шығыстар (жол жүру, тұру, тәуліктік ақы) өтеледі.

2021 жылы тәуелсіз директорларға барлық сыйақы 61 954 300,48 теңгені құрады.


6


2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Директорлар кеңесі 6 (алты) мүшеден: акционерлер тағайындайтын үш мүшеден.


Директорлар кеңесі
мүшелерінің отырыстар
саны және отырыстарға
қатысуы

Қоғамның Директорлар кеңесінің жұмысы бекітілген жылдық жұмыс жоспарлары негізінде жүзеге асырылады. Есепті жылы барлығы Компанияның Директорлар кеңесінің 11 (он бір) отырысы өткізілді, оның ішінде 11 – күндізгі нысанда, 0 – сырттай дауыс беру нысанында.

Директорлар кеңесінің көрсетілген отырыстары барысында 89 (сексен тоғыз) шешім қабылданды, оның ішінде 89 шешім – күндізгі отырыстар барысында, 0 м сырттай дауыс беру арқылы қабылданды.

ТАӘ Отырыстарға қатысу көрсеткіші, тағайындалған күннен бастап % Есепті кезеңде Директорлар кеңесі құрамында болу кезеңі
1 Әлиев Нұрәлі Рахатұлы 11-ден 11 100 2021 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан
2 Надыров Жанболат Орақұлы 10-нан 10 100 2021 жылғы 1 қаңтар – 12 желтоқсан
3 Амрин Салмен Габдоллинович 11-ден 8-і 73 2021 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан
4 Покупателев Дмитрий Александрович 11-ден 9-ы 82 2021 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан
5 Досмұқаметов Қанат Мұхаметкәрімұлы 11-ден 10 91 2021 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан
6 Исекешев Ерлан Өрентайұлы 11-ден 11 100 2021 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан
7 Өтемұрат Берік Мұстайұлы 11-ден 11 100 2021 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан

Қоғамның Директорлар
кеңесі мүшелерінің
қызметтік тізімі


Нұрәлі
Рахатұлы
Әлиев


«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы


«Транстелеком» АҚ Директорлар
кеңесінің құрамына бірінші сайланған
күні – 2016 жылғы 4 тамыз.

Туған күні – 1985 жылғы 1 қаңтар.

Білімі
  • 2001-2002 жж. – Пеппердин университеті, Малибу, Калифорния штаты, АҚШ.
  • 2002-2003 жж. – Халықаралық университет, Вена, Австрия.
  • 2003-2005 жж. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан.
  • 2006 ж. – Техас университеті, McCOMBS Бизнес мектебі, АҚШ.
  • 2005-2006 жж. – «ИМАДЕК» университеті, Вена, Австрия.
Жұмыс тәжірибесі
  • 2003-2004 жж. – «SUCDEN ET DENREES SA» корпорациясы, Франция, Халықаралық сауда департаменті.
  • 2004-2005 жж. – «Қант орталығы» АҚ, халықаралық бөлім басшысы, халықаралық бөлім басшысының орынбасары.
  • 2005-2006 жж. – «Қант орталығы» АҚ президенті.
  • 2007-2010 жж. – «Нұрбанк» АҚ, Директорлар кеңесінің төрағасы, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары.
  • 2008-2013 жж. – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, Басқарушы директор, Басқарма мүшесі.
  • 2013-2014 жж. – «Транстелеком» АҚ, президент.
  • 2014-2016 жж. – Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласы әкімінің орынбасары.

Дмитрий
Александрович
Покупателев


«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі


«Транстелеком» АҚ Директорлар
кеңесінің құрамына бірінші сайланған
күні – 2020 жылғы 6 ақпан.

Туған күні –1984 жылғы 16 маусым.

Білімі
  • 2015 ж. – Jan Amos Komensky University, Чехия, MBA, жалпы және стратегиялық менеджмент (ҚРҰБ жанындағы АӨҚО Академиясымен ынтымақтастық шеңберінде).
  • 2006 ж. – Санкт-Петербург Гуманитарлық кәсіподақтар университеті, Санкт-Петербург.
Жұмыс тәжірибесі
  • 2006-2009 жж. – «Казкоммерцбанк» АҚ, шағын және орта бизнестің 1-санаттағы менеджері.
  • 2009-2010 жж. – «Казкоммерцбанк» АҚ, аудитор.
  • 2010-2011 жж. – «Teмiрбанк» АҚ, Кредиттік тәуекелдер басқармасы бастығының орынбасары, бас тәуекел-менеджер.
  • 2011-2012 жж. – «Teмiрбанк» АҚ, Кредиттік тәуекелдердің әдіснамасы және талдау басқармасының бас тәуекел-менеджері.
  • 2012-2014 жж. – «Teмiрбанк» АҚ, Проблемалық кредиттермен жұмыс жүргізу департаменті Әдіснама және талдау басқармасының бастығы.
  • 2014-2015 жж. – «Сбербанк России» АҚ ЕБ, Проблемалық активтермен жұмыс жөніндегі басқарманың талдау, әдістеме және есептілік бөлімшесінің бастығы.
  • 2015-2017 жж. – «Food Invest Group» бас директорының орынбасары.
  • 2017 – қазіргі уақытқа дейін – «Sigma Advisors» ЖШС, Басқарушы директор, Дью дилидженс тобы.

Қанат
Мұхаметкәрімұлы
Досмұқаметов


Тәуелсіз директор, «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі


«Транстелеком» АҚ Директорлар
кеңесінің құрамына бірінші сайланған
күні – 2016 жылғы 4 тамыз.

Туған күні – 1973 жылғы 22 желтоқсан.

Білімі
  • 1994 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, экономика ғылымдарының кандидаты.
Жұмыс тәжірибесі
  • 2000-2003 жж. – ҚР Ұлттық Банкі (Астана қ.), ҚР Ұлттық Банкінің Үйлестіру басқармасының бастығы; ҚР Ұлттық Банкінің Қаржылық қадағалау департаменті директорының орынбасары.
  • 2004-2006 жж. – Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу агенттігі төрағасының орынбасары.
  • 2006-2007 жж. – «SAFC» инвестициялық компаниясы, басқарушы директор.
  • 2007 ж. – «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ, Басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2007-2009 жж. – «Delta Bank» АҚ, Басқарма төрағасы.
  • 2009 ж. – «Deloitte TCF» ЖШС, Басқарушы директор.
  • 2009-2012 жж. – ҚР Қаржы министрлігі, Қазынашылық комитетінің төрағасы.
  • 2012 ж. – «Самұрық-Қазына» АҚ, Басқарушы директор.
  • 2012-2015 жж. – Еуразиялық даму банкі, Басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2015 ж. – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, Басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2016 ж. – «Полиметалл Евразия» ЖШС Бас директоры.

Ерлан
Өрентайұлы
Исекешев


Тәуелсіз директор, «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі


«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің
құрамына бірінші сайланған
күні – 2016 жылғы 4 тамыз.

Туған күні – 1968 жылдың 1 шілдесі.

Білімі
  • 1992 ж. – Алматы энергетикалық институты.
  • 2003 ж. – «Тұран» университеті.
  • 2010 ж. – «НЕС» француз бизнес мектебі, Париж қ.
Жұмыс тәжірибесі
  • 2000-2002 жж. – «Астанаэнергосервис» ЖШС, директордың орынбасары.
  • 2002-2005 жж. – «Қарағанды Жылу» ЖШС, коммерциялық директор.
  • 2005 ж. – «Қарағанды Жарық» ЖШС, бас директор.
  • 2005-2007 жж. – «Қарағанды Жылу» ЖШС, Бас директор.
  • 2007-2008 жж. – Қарағанды облысының әкімдігі, әкімнің коммуналдық мәселелер жөніндегі орынбасары.
  • 2008 ж. – «KazynaCapitalManagement» АҚ – «Ithmaar Kazyna CIS Regional Energy Fund» энергетика саласындағы Инвестициялық қорды құру және дамыту мәселелері жөніндегі Басқарма төрағасының кеңесшісі.
  • 2009-2011 жж. – «Falah Partners» инвестициялық қоры, басқарушы серіктес.
  • 2009-2012 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ, тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі.
  • 2011 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «ISS Corporation» ЖШС, көпсалалы холдингтік компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы.

Берік
Өтемұрат
Мұстайұлы


Тәуелсіз директор, «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі


«Транстелеком» АҚ Директорлар
кеңесінің құрамына бірінші сайланған
күні – 2020 жылғы 6 ақпан.

Туған күні –1984 жылғы 16 маусым.

Білімі
  • 2003 ж. – KIMEP университеті (бұрынғы – КИМЭП).
  • 2013 ж. – Лондон бизнес мектебі (London Business School), Лондон қ., Ұлыбритания.
Жұмыс тәжірибесі
  • 2003-2004 жж. – ERNST & YOUNG, аудит жөніндегі аға қызметкер.
  • 2004-2007 жж. – PARAGON DEVELOPMENT, қаржы директоры.
  • 2007-2008 жж. – «Қазына» тұрақты даму қоры, Корпоративтік қаржы департаментінің директоры, бас менеджер.
  • 2008-2009 жж. – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Корпоративтік қаржы департаментінің директоры.
  • 2009-2010 жж. – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі.
  • 2010-2011 жж. – «БТА Банкі» АҚ, Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі.
  • 2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасының Үкіметі, Премьер-Министр орынбасарының кеңесшісі (штаттан тыс).
  • 2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының кеңесшісі.
  • 2014-2016 жж. – Ұлттық инвестициялық корпорациясы, Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.
  • 2017 – қазіргі уақытқа дейін – ND CAPITAL, басқарушы серіктес.

Басқарма

2021 жылғы 31
желтоқсандағы Қоғам
Басқармасының құрамы

Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы шешімімен (№ 10/2020 хаттама) Қоғам Басқармасының құрамы 8 (сегіз) адам болып белгіленді және Қоғам Басқармасының өкілеттік мерзімі – 3 (үш) жыл болып белгіленді.

Адайбеков Елнар Русланұлы Қоғамның Басқарма төрағасы
Минавар Ерлан Ерікұлы Қоғам Басқарма төрағасының стратегиялық дамыту және инновациялар жөніндегі орынбасары
Барменқұлов Кеңес Таңатарұлы Қоғам Басқарма төрағасының ұйымдық дамыту жөніндегі орынбасары
Дөненбай Ғазиз Болатұлы Қоғам Басқарма төрағасының корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары
Қасымов Кәрім Досмұхамбетұлы Қоғам Басқарма төрағасының бизнесті мемлекеттік секторда дамыту жөніндегі орынбасары
Ахметов Мұрат Сайлаубекұлы Қоғам Басқарма төрағасының операциялық қызметтер жөніндегі орынбасары
Қожасбаев Данияр Жеңісұлы Қоғам Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
Баймырзаұлы Асқар Қоғам Басқарма төрағасының әкімшілік және құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары

Басқарма
мүшелерінің
қызметтік тізімі


Елнар
Русланұлы
Адайбеков


«Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасы


Туған күні – 1986 жылғы 18 ақпан.

Білімі
  • Kings College London, University of London, Лондон қ., Ұлыбритания BSc Computer Science мамандығы бойынша.
Жұмыс тәжірибесі
  • Еңбек жолын 2008 жылы «Нұрбанк» АҚ-да Инвестициялық банкинг басқармасының жобалау менеджері болып бастаған.
  • 2009 жылғы мамырдан бастап «Нұр-Траст» АҚ-да Тәуекелдер бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
  • 2010 жылдан бастап Бухарест қаласындағы The Rompetrol Group компаниясында Тәуекел менеджері болып жұмыс істейді.
  • 2012 жылдан 2015 жылға дейін Rompetrol Gas SRL бас директорының орынбасары қызметін атқарды.
  • 2015 жылдан бастап «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, «Транстелеком» АҚ Корпоративтік басқару және құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президент лауазымына сайланды.
  • 2017 жылғы 20 қаңтардан бастап Қоғамның Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, Даму және құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президент – Қоғам Басқармасының мүшесі болып сайланды.
  • 2019 жылғы 1 шілдеден бастап Қоғамның Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, Басқарма Төрағасының ұйымдық дамыту жөніндегі орынбасары – Қоғам Басқармасының мүшесі болып сайланды.
  • 2020 жылдың 15 маусымынан бастап Қоғамның Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, Қоғамның Басқарма төрағасы болып сайланды.
  • 2020 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қоғамның Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес, Қоғамның Басқарма төрағасы болып қайта сайланды.

Ерлан
Минавар
Ерікұлы


«Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының стратегиялық дамыту және инновациялар жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі


Туған күні – 1985 жылғы 6 қазан.

Білімі
  • 2003-2006 жж. – Карнеги Меллон университеті, Питтсбург, АҚШ, шешім қабылдау ғылымы және ұтымды таңдау мамандығы бойынша, ақпараттық жүйелер саласындағы бакалавр.
  • 2016-2017 жж. – INSEAD Сингапур, Франция, бизнес-әкімшілендіру магистрі.
Жұмыс тәжірибесі
  • Еңбек жолын 2007 жылы CIBC World Markets / Oppenheimer & Co (АҚШ) компаниясында бірігу және қосып алу талдаушысы (M&A, Инвестициялық Банк) болып бастаған.
  • 2009 жылдан 2013 жылға дейін Caspian Engineering & Research қаржы директоры (Қазақстан).
  • 2010 жылдан 2011 жылға дейін «Белкамит» ЖШС қаржы директоры (Қазақстан).
  • 2013 жылдан 2015 жылға дейін Frontier Mining (Қазақстан/Англия) атқарушы директоры.
  • 2017 жылдан 2019 жылға дейін Billboard Video Singapore (Қазақстан/Сингапур) Басқарушы директоры / Product Manager / Scrum Master.
  • 2019 жылдан бастап 2020 жылдың маусымына дейін Capital Holding Бас директоры болды.
  • 2020 жылғы 15 маусымнан бастап «Транстелеком» АҚ Басқарма Төрағасының даму және инновациялар жөніндегі орынбасары – «Транстелеком» АҚ Басқарма мүшесі («Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 15 маусымдағы шешімі (№4/2020 хаттама)).
  • 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Басқарма төрағасының стратегиялық дамыту және инновациялар жөніндегі орынбасары.
  • 2020 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Басқарма төрағасының стратегиялық дамыту және инновациялар жөніндегі орынбасары – Басқарма мүшесі болып қайта сайланды («Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы шешімі (№11/2020 хаттама)).

Мұрат
Сайлаубекұлы
Ахметов


«Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі


Туған күні – 1983 жылғы 22 тамыз.

Білімі
  • 2005 жыл – М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, автоматика, телемеханика және байланыс мамандығы бойынша.
  • 2011 жыл – М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, халықаралық теміржол көлігіндегі өзара әрекеттесу, сертификаттау және қауіпсіздік мамандығы бойынша.
  • 2011 жыл – CNAM университеті (Франция), халықаралық теміржол көлігіндегі өзара әрекеттесу, сертификаттау және қауіпсіздік мамандығы бойынша.
Жұмыс тәжірибесі
  • 2016 жылдың шілде айынан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Ақпараттық технологиялар дирекциясы» филиалында директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары.
  • 2017 жылғы ақпаннан бастап «Транстелеком» АҚ-да АТ қолдау және дамыту жөніндегі атқарушы директор.
  • 2017 жылғы желтоқсаннан бастап «Транстелеком» АҚ-да АТ пайдалану жөніндегі атқарушы директор.
  • 2018 жылғы шілдеден бастап «Транстелеком» АҚ-да АТ және инновациялар жөніндегі вице-президенттің м.а.
  • 2018 жылғы қыркүйектен бастап «Транстелеком» АҚ-да АТ және инновациялар жөніндегі вице-президенті.
  • 2019 жылғы 4 ақпаннан бастап «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 4 ақпандағы шешіміне сәйкес (№1/2019 хаттама) «Транстелеком» АҚ-да АТ және инновациялар жөніндегі вице-президент лауазымына – Басқарма мүшесі болып сайланды.
  • 2019 жылғы 1 шілдеден бастап Қоғамның Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес Басқарма төрағасының инфрақұрылымды пайдалану жөніндегі орынбасары – Қоғам Басқармасының мүшесі болып сайланды.
  • 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Басқарма төрағасының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары.
  • 2020 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Басқарма төрағасының операциялық қызметтер жөніндегі орынбасары – Басқарма мүшесі болып қайта сайланды («Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы шешімі (№11/2020 хаттама)).

Асқар
Баймырзаұлы


«Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының әкімшілік және құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі


Туған күні – 1985 жылғы 9 қаңтар.

Білімі
  • 2006 жыл – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., құқықтану мамандығы бойынша.
  • 2008 жыл – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., құқықтану магистратурасы.
  • 2010 жыл – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Алматы қ.
  • 2019 жыл – Executive MBA, Назарбаев Университет Жоғары бизнес мектебі
Жұмыс тәжірибесі
  • 2016 жылғы шілдеден бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаменті және Сот-наразылық жұмысы департаменті тобының жетекшісі.
  • 2018 жылғы желтоқсаннан бастап «Транстелеком» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директоры.
  • 2019 жылғы 4 ақпаннан бастап «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 4 ақпандағы шешіміне сәйкес (№1/2019 хаттама) «Транстелеком» АҚ Құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директоры – Басқарма мүшесі болып сайланды.
  • 2019 жылғы 1 шілдеден бастап Қоғамның Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес Құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директор – Қоғам Басқармасының мүшесі болып сайланды.
  • 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Басқарма төрағасының әкімшілік және құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары.
  • 2020 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Басқарма төрағасының әкімшілік және құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары – Басқарма мүшесі болып қайта сайланды («Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы шешімі (№11/2020 хаттама)).

Карим
Досмұхамбетұлы
Қасымов


«Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының бизнесті мемлекеттік секторда дамыту жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі


Туған күні – 1985 жылғы 28 қаңтар.

Білімі
  • 2007 жыл – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, экономика мамандығы бойынша.
  • 2019 жыл – М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, радиотехника электроника және телекоммуникация мамандығы бойынша.
  • 2020 жыл – Executive MBA, Назарбаев Университет Жоғары бизнес мектебі.
Жұмыс тәжірибесі
  • Еңбек жолын 2006 жылдың қыркүйегінен «Арман-Мұнай» ЖШС директорының орынбасары болып бастады.
  • 2006 жылдың қараша айынан бастап «Компания Алас ЛТД» ЖШС директорының орынбасары.
  • 2009 жылдың маусымынан бастап «Алматы Мегатау» ЖШС директоры.
  • 2013 жылдың шілде айынан бастап «KTZ Express» АҚ Сату департаментінің бас менеджері.
  • 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап «KTZ Express» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы.
  • 2017 жылдың наурыз айынан бастап «Транстелеком» АҚ «Сатып алу және қамтамасыз ету» бағытының басшысы.
  • 2017 жылғы желтоқсаннан бастап «Транстелеком» АҚ жобалар жөніндегі атқарушы директоры.
  • 2019 жылғы шілдеден бастап «Транстелеком» АҚ Бизнесті дамыту жөніндегі (B2G) атқарушы директоры.
  • 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының бизнесті мемлекеттік секторда дамыту жөніндегі орынбасары.
  • 2020 жылғы 10 желтоқсаннан бастап «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының бизнесті мемлекеттік секторда дамыту жөніндегі орынбасары – «Транстелеком» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды («Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы шешімі (№11/2020 хаттама)).

Данияр
Жеңісұлы
Қожасбаев


«Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі


Туған күні – 1983 жылғы 20 қаңтар.

Білімі
  • 2003 жылы – Алматы экономикалық университеті, Қаржы менеджменті мамандығы бойынша.
Жұмыс тәжірибесі
  • Еңбек жолын 2007 жылы Hewlett Packard Kazakhstan-да Орталық Азия және Кавказ (B2B) өңіріндегі ең ірі клиенттерге сервистер мен қызметтерді сату бойынша өкіл болып бастады.
  • 2008 жылдан бастап TOYOTA TSUSHO-да (Toyota Group халықаралық сауда құрылымы) сату жөніндегі (индустриялық жабдықтар және құрылыс техникасы) директор қызметін атқарды.
  • 2010 жылдан бастап Boart Longyear (Mining & Metals саласындағы халықаралық компания) компаниясының қазақстандық кеңсесінің (Country manager) басшысы.
  • 2013 жылдан бастап «Казкоммерцбанк» АҚ-да жер қойнауын пайдаланушылармен жұмыс басқармасының бастығы, Корпоративтік кредиттеу департаменті.
  • 2015 жылдан бастап «Казкоммерцбанк» АҚ-дағы №2 корпоративтік кредиттеу департаментінің директоры.
  • 2016 жылдан бастап «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ Корпоративтік даму орталығының басқарушы директоры.
  • 2017 жылдан бастап Атқарушы директор, «Fortebank» АҚ Корпоративтік бизнес бағытының (департаментінің) басшысы.
  • 2018 жылдан бастап «Fortebank» АҚ-да атқарушы директор, ШОБ және КБ бағытының басшысы.
  • 2019 жылдан бастап «First Heartland Jysan Bank» АҚ (бұрын «Цеснабанк» АҚ) Басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2020 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «Tigin Industry» ЖШС қаржы директоры.
  • 2020 жылғы шілдеден бастап «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының экономика және әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары.
  • 2020 жылғы 10 тамыздан бастап «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес Басқарма төрағасының экономика және әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары – «Транстелеком» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды.
  • 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап – «Транстелеком» АҚ Басқарма Төрағасының Экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
  • 2020 жылғы 10 желтоқсаннан бастап «Транстелеком» АҚ Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары – «Транстелеком» АҚ Басқарма мүшесі болып қайта сайланды («Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы шешімі (№11/2020 хаттама)).

Кеңес
Таңатарұлы
Барменқұлов


«Транстелеком» АҚ төрағасының ұйымдық дамыту жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі


Туған күні – 1981 жылғы 1 қараша.

Білімі
  • 1999-2003 жж. – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, халықаралық экономикалық қатынастар.
  • 2010 жыл – Telecoms MINI MBA, Лондон, Ұлыбритания.
  • 2015-2016 жж. – Назарбаев Университетінің Бизнес Мектебі, EMBA.
Жұмыс тәжірибесі
  • Еңбек жолын 2003 жылдың желтоқсан айында «Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік сату дирекциясында экономист болып бастаған.
  • 2005 жылдың қазан айынан бастап «Uni Commerce Ltd» ЖШС филиалының, «TeaLand» филиалының және «RG Brands Kazakhstan» ЖШС «ASF» филиалының қаржы менеджері.
  • 2008 жылдың мамыр айынан бастап «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Коммуникациялық активтер дирекциясының аға сарапшысы.
  • 2015 жылғы наурыздан бастап «Транстелеком» АҚ Корпоративтік даму жөніндегі атқарушы директоры.
  • 2020 жылғы 10 желтоқсаннан бастап «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының ұйымдық дамыту жөніндегі орынбасары – «Транстелеком» АҚ Басқарма мүшесі болып қайта сайланды («Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы шешімі (№11/2020 хаттама)).

Ғазиз
Дөненбай
Болатұлы


«Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының стратегиялық жобаларды дамыту жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі


Туған күні – 1988 жылғы 24 сәуір.

Білімі
  • 2011 жыл – Asia Pacific University, Kuala Lumpur, Malaysia, BSc (Hons) in Business Information Technology.
  • 2012 жыл – Asia Pacific University, Kuala Lumpur, Malaysia, Master of Business Administration, Postgraduate program of Staffordshire University, UK.
Жұмыс тәжірибесі
  • Еңбек жолын 2011 жылдың наурыз айынан Алдияр Б. ЖШС-де бизнес-талдаушы болып бастады.
  • 2013 жылдың мамыр айынан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ – Ақпараттық технологиялар дирекциясы жобалық менеджмент Басқармасы бизнес-талдау бөлімінің бас маманы.
  • 2014 жылдың наурыз айынан бастап ҚТЖ ҰК АҚ филиалы-Ақпараттық технологиялар дирекциясы жобалық портфельді талдау бөлімінің сарапшысы.
  • 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы-Ақпараттық технологиялар дирекциясы жобалық менеджмент бөлімінің бастығы.
  • 2015 жылдың шілде айынан бастап «Транстелеком АҚ филиалы-Ақпараттық коммуникациялық технологиялар дирекциясы АТ инфрақұрылымын енгізу және сүйемелдеу» ПГ инфрақұрылымы бойынша техникалық сарапшы.
  • 2016 жылдың шілде айынан бастап Транстелеком АҚ филиалының аппараттық-бағдарламалық жүйелер жөніндегі жобалау менеджері-Инфотелекоммуникациялық технологиялар дирекциясы.
  • 2017 жылғы ақпаннан бастап «Транстелеком» АҚ Жобаларды басқару жөніндегі атқарушы директоры.
  • 2017 жылғы желтоқсаннан бастап «Транстелеком» АҚ жобалар жөніндегі атқарушы директоры.
  • 2019 жылғы шілдеден бастап «Транстелеком» АҚ Корпоративтік бизнесті дамыту (В2В) жөніндегі атқарушы директоры.
  • 2020 жылғы желтоқсаннан бастап «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының Корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары.
  • 2020 жылғы 10 желтоқсаннан бастап «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының Корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары – «Транстелеком» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды («Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы шешімі (№11/2020 хаттама)).
  • 2021 жылғы 12 наурыздан бастап «Транстелеком» АҚ Басқарма Төрағасының Стратегиялық жобаларды дамыту жөніндегі орынбасары – «Транстелеком» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды («Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 12 наурыздағы шешімі (№2/2021 хаттама)).

2021 жылдағы Қоғам
басқармасының
отырыстары

Қоғам Басқармасының қызметі Жарғымен, Корпоративтік басқару кодексімен және Басқарма туралы ережемен айқындалады. 2021 жылы Басқарманың 42 (қырық екі) отырысы өткізілді, онда Қоғамның Жарғысымен атқарушы органның құзыретіне жатқызылған 193 (жүз тоқсан үш) мәселе бойынша шешімдер қаралды және қабылданды. Басқарма өз қызметін Акционерлердің жалпы жиналысы мен Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырды.


Басқарма
мүшелерінің
сыйақысы

Басқарма мүшелеріне сыйақы беру Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Жарғысына, «ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының басшы және басқарушы қызметкерлеріне сыйақы төлеу және қызметін бағалаудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленген Қоғамның басшы қызметкерлеріне сыйақы төлеу және қызметін бағалау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Ережелер келесі тұжырымдамаларға негізделген:

  • Нақты нәтижеге зейін қою
  • Нәтиже сапасына зейін қою
  • Мониторинг пен тиімділікті бағалаудың серпінділігі
  • Күтілетін мінез-құлықты қалыптастыру және қолдау
  • Дельтаға баса зейін қою
  • Жүйенің бейімділігі
  • Әрекет әрекетсіздікке қарағанда жақсы

Есепті жылы Басқарма мүшелеріне төленген сыйақы мөлшері (ақшалай нысандағы жалақының және көтермелеудің барлық түрлерінің жиынтық мөлшері) 536 696 мың теңгені құрады.