Компанияның
бейіні
«Транстелеком» акционерлік қоғамы – телекоммуникацияларға, цифрландыруға және IT, байланыс, автоматика және энергетика саласындағы жүйелі интеграцияға маманданатын Қазақстан Республикасының ірі байланыс операторларының бірі.
Қызметтің мақсаты
- Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде озық цифрлық шешімдерді ұсыну.
- Заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық желілерді дамыту және интеграциялау.
- Пайда табу және акционерлердің мүдделерін қорғау.
Желі және қамту
- ел бойынша 14 филиал.
- 2 деректер орталықтары.
- Қазақстанды РФ, ҚХР, Қырғызстан, Өзбекстан және (перспективада) Түрікменстан операторларымен байланыстыратын ТОБЖ-ның тармақталған желісі.
Негізгі қызметтері
Байланыс
(халықаралық, қалааралық,
жергілікті)
Интернетке қолжетімділік
Магистральді байланыс арналары
Ақпараттық коммуникация,
цифрлық және бұлтты
қызметтер.

Ұйымдық
құрылымы
«Транстелеком» АҚ-ның ұйымдық құрылымы Адизес әдіснамасы бойынша басқару қағидаттарына негізделген. Ол икемді, бейімді және бірегей құзыреттерді дамытуға, инновацияларды тиімді енгізуге және өзгерістерге жылдам әрекет етуге бағытталған.
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
жағдай бойынша ұйымдастыру
құрылымы
Акционерлердің жалпы жиналысы
Директорлар кеңесі
Басқарма
Орталық аппарат
Алматытранстелеком
Ақтаутранстелеком
Ақтөбетранстелеком
Астанатранстелеком
Атыраутранстелеком
Жамбылтранстелеком
Қарағандытранстелеком
Көкшетаутранстелеком
Қостанайтранстелеком
Қызылордатранстелеком
Өскементранстелеком
Павлодартранстелеком
Семейтранстелеком
Шымкенттранстелеком
Миссия
пайымдау және
құндылықтар
Миссия
Компанияның бірегей мүмкіндіктеріне сүйене отырып, қазақстандықтарды цифрлық игілікке жеткізу.
Пайымдау
«Транстелеком» АҚ-ның пайымдауы – жеке және мемлекеттік секторларда ірі кешенді жобаларды іске асыратын және жеке тұлғалар мен ұйымдарға қызметтердің кең аясын көрсететін АКТ қызметтерінің әртараптандырылған операторы.
Мұндай
тұжырымдаудың
негізгі фактілері:
- Нарықтың барлық сегменттерінде қызметтер көрсету.
- Қызметтер көрсету мен жобалардың іске асу үйлесімі.
- Дәстүрлі байланыс қызметтерін, сондай-ақ IT және бұлттық қызметтерді біріктіретін қызметтердің үлкен портфолиосының болуы.
Құндылықтар
Құрмет.
Біз бір-бірімізді құрметтейміз.
Клиенттерді, серіктестерді және бәсекелестерді тең деп қабылдау, олардың өз құндылықтары мен мақсаттары бар екенін мойындау, оларды тыңдай және ести білу, ортақ байланыс нүктелерін тауып, егер бұл «Транстелеком» АҚ-ның құндылықтарына қайшы келмесе, өзара тиімді қарым-қатынас орнату.
Жетілу.
Біз үздіксіз жетілеміз.
«Транстелеком» АҚ ұсынылатын қызметтердің сапасы мен оларды клиенттерге пайдаланудың ыңғайлылығын арттырумен қатар, өз қызметін, қызметкерлердің біліктілігін және олардың «Транстелеком» АҚ қызметіне қатысуын, бизнес-процестер мен рәсімдердің тиімділігін, ұйымдастырушылық құрылымын да үздіксіз жетілдірумен жұмыс істейді.
Сенімділік және бедел.
Біз сенімді компаниямыз, өз атымызды қадірлейміз.
«Транстелеком» АҚ сенімді қызмет көрсетуші және серіктес, сондай-ақ әлеуметтік жауапты және заңға бағынатын нарық ойыншысы ретіндегі беделін сақтауға және арттыруға күш салады.
Бизнес-
модель
Негізгі серіктестер
- Бизнестің серіктестік моделін дамыту (бизнесті стратегиялық бақылауды сақтай отырып, серіктестерді тарту)
Негізгі қызмет
- Жаңа клиенттерді тарту
- Тендерлерге қатысу
- Норма шығару процесіне қатысу
Негізгі ресурстар
- Адам ресурстары
- Техникалық инфрақұрылым
Құнды ұсыныстар
- Бұлтты қызметтерді ұсыну
- Халықаралық транзит және интернет қызметтер
Клиенттермен өзара қарым-қатынас
- Компания клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынасты сақтауға бағытталған
Арналар
- ТОБЖ жеке желісі
- Деректер орталықтары
Клиенттер сегменттері
- B2KTZH
- B2BG
- B2O
- B2SP
- B2R
- B2C
- B2Cloud
Шығыстар құрылымы
- Жұмыстарды орындау/қызметтер көрсету үшін бөгде ұйымдарды тарту
- Күрделі шығындар (жабдықты сатып алу)
- Инфрақұрылымды пайдалану
Кіріс ағындары
- Жұмыстарды орындауға/қызметтер көрсетуге кіріс шарттарын жасасу