«Транстелеком» АҚ

«Транстелеком» Акционерлік қоғамы –Қазақстан Республикасының ірі байланыс операторларының бірі

14

Қызмет көрсетудің кең желісі –
Республика бойынша
14 филиал

1999

«Транстелеком» АҚ-ның
бастапқы мемлекеттік тіркеу
күні белгіленді

Компанияның
бейіні


«Транстелеком» акционерлік қоғамы – телекоммуникацияларға, цифрландыруға және IT, байланыс, автоматика және энергетика саласындағы жүйелі интеграцияға маманданатын Қазақстан Республикасының ірі байланыс операторларының бірі.

«Транстелеком» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары:

  • коммерциялық қызметтен пайда табу және оны акционерлердің мүддесін көздей отырып пайдалану;
  • Қазақстан Республикасының аумағында заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық желілерді құру және оларды IT-технологиялардың әлемдік желісіне интеграциялау;
  • Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде тұтынушыларға озық технологиялардың сан алуан түрлерін ұсыну.

Компанияның бірінші кезектегі міндеті желілерді дамыту және жаңғырту арқылы Қазақстан аумағында көрсетілетін қызметтер мен байланыс сапасын арттыру болып қала береді.

«Транстелеком» АҚ қызметін Қазақстан Республикасының байланыс операторы ретінде жүзеге асырады және телекоммуникациялық және ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің, оның ішінде халықаралық, қалааралық, жергілікті телефония қызметтерінің кең шоғырын және интернет желісіне, сондай-ақ магистральдық байланыс арналарына қосылу мүмкіндігін ұсынуға маманданады.

«Транстелеком» АҚ транзиттік әлеуетті дамытуға және Қазақстан арқылы транзиттік телекоммуникациялық ағынды арттыруға тырысады, өйткені ол Ресей Федерациясының, Қытай Халық Республикасының, Қырғыз Республикасының, Өзбекстан Республикасының және Түрікмен Республикасының халықаралық операторларымен (іске асыру сатысында) байланысты қамтамасыз ете отырып, магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желілеріне ие.

«Транстелеком» АҚ бүкіл ел бойынша 14 филиалдан тұратын сервис желісіне, 9 ақпарат орталығынан тұратын өз желісіне ие.

«Транстелеком» АҚ атқарушы органының орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Z05H9A7, Астана қаласы, Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 10.

14

«Транстелеком» АҚ бүкіл ел бойынша 14 филиалдан тұратын сервис желісіне


Ұйымдастыру
құрылымы


«Транстелеком» АҚ-тың алдыңғы кезеңдердегі сияқты 2023 жылғы ұйымдық құрылымы Адизес институтының өзгерістерді басқару әдіснамасына негізделген және сыртқы ортаның, инновациялардың өзгерістеріне тез жауап бере алатындай құрылған және бірегей құзыреттерді жинақтауға бағытталған.

2023 жылғы 31 желтоқсандағы
жағдай бойынша ұйымдастыру
құрылымы


Акционерлердің жалпы жиналысы
Директорлар кеңесі
Басқарма
Орталық аппарат
Алматытранстелеком
Ақтаутранстелеком
Ақтөбетранстелеком
Астанатранстелеком
Атыраутранстелеком
Жамбылтранстелеком
Қарағандытранстелеком
Көкшетаутранстелеком
Қостанайтранстелеком
Қызылордатранстелеком
Өскементранстелеком
Павлодартранстелеком
Семейтранстелеком
Шымкенттранстелеком

Миссиясы мен
құндылықтары


Миссия

Компанияның бірегей қабілеттеріне сүйене отырып, қазақстандықтардың цифрлық әл-­ауқатын арттыру.


Болашақтағы көрініс

«Транстелеком» АҚ болашақтағы көрінісі – жеке және мемлекеттік секторларда ірі кешенді жобаларды іске асыратын және жеке тұлғалар мен ұйымдарға қызметтердің кең шоғырын көрсететін әртараптандырылған АКТ қызметтерінің кең шоғырының операторы.


Мұндай
пайымның негізгі
фактілері:

  • Нарықтың барлық сегментінде қызмет көрсету.
  • Қызмет көрсету мен жобаларды іске асыруды үйлестіру.
  • Дәстүрлі байланыс қызметтерін де, АТ және жинақтау қызметтерін де біріктіретін қызметтердің үлкен қоржынының болуы.

Құндылықтар

Құрмет.

Біз бір-бірімізді құрметтейміз.
Клиенттерді, серіктестерді, бәсекелестерді тең деп қабылдау, олардың өз құндылықтары мен мақсаттарының болуын қабылдай білу, оларды тыңдай және ести білу, ортақ тіл табу және егер «Транстелеком» АҚ құндылықтарына қайшы келмесе, өзара тиімді қарым-қатынас құру.

Жетілу.

Біз үнемі жетіліп отырамыз.
«Транстелеком» АҚ көрсетілетін қызметтің сапасын және клиенттер үшін оларды пайдаланудың ыңғайлылығын арттыру, сол сияқты өз қызметін, қызметкерлердің біліктілігін және олардың «Транстелеком» АҚ қызметіне тартылуын, бизнес-процестер мен рәсімдердің тиімділігін, ұйымдық құрылымын жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыс істейді.

Сенімділік және бедел.

Біз сенімді компаниямыз, өз атымызды бағалаймыз.
«Транстелеком» АҚ сенімді қызмет көрсетуші және серіктес, нарыққа әлеуметтік жауапты және заңға бағынатын қатысушы ретіндегі беделін сақтауға және арттыруға күш салады.


Бизнес-модель


Business Model Canvas пішіміндегі TTC ағымдағы бизнес-моделінің сипаттамасы

Негізгі
серіктестер
  • Бизнестің серіктестік моделін дамыту (бизнесті стратегиялық бақылауды сақтай отырып, серіктестерді тарту)
Негізгі
қызмет
  • Жаңа клиенттерді тарту
  • Тендерлерге қатысу
  • Норма шығару процесіне қатысу
Құндылық
ұсыныстары
  • Жинақтау сервистерін ұсыну
  • Халықаралық транзит және интернет қызметтері
Клиенттермен
қарым-қатынас
  • Компания клиенттермен ұзақмерзімді қарым-қатынасты сақтауға бағдарлан­ған
Клиенттер
сегменттері
  • B2KTZ
  • B2BG
  • B2O
  • B2SP
  • B2R
  • B2C
Негізгі ресурстар
  • Адам ресурстары
  • Техникалық инфра­құрылым
Арналар
  • ТОБЖ жеке желісі
  • Ақпарат орталық­та­ры
Шығыстар құрылымы
  • Жұмыстарды орындау/қызмет көрсету үшін бөгде ұйымдарды тарту
  • Күрделі шығындар (жабдық сатып алу)
  • Инфрақұрылымды пайдалану
Кіріс ағындары
  • Жұмыстарды орындауға/қызмет көрсетуге кірісті шарттар жасасу