Тұрақты
даму
«Транстелеком» АҚ өз қызметіне тұрақты даму қағидаттарын енгізе отырып, тұрақты дамудың 17 мақсатын бұлжытпай орындайды. «Транстелеком» АҚ әрбір ТДМ көрсететін экологиялық және әлеуметтік проблемалар өзекті екенін және кез келген ұйымға әсер ететінін түсінеді.
«Транстелеком» АҚ-тың тұрақты даму саласындағы қызметі бизнесті жауапты жүргізу қағидатына және экономикалық өсу, экологиялық және әлеуметтік әл-ауқат үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын инновациялық әлеуетке негізделеді.
«Транстелеком» АҚ өзі қатысатын жерлерде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, инновациялық технологиялардың, әлеуметтік және білім беру бағдарламаларының көмегімен өз қызметтерінің сапасын арттыруға, қызметінің айқын болуына, экологиялық мәселелерге теріс әсерді азайтуға назар аударады.
мынадай қағидаттарды
сорындауды өз мойнына алды:
- Адам құқықтарын сақтау саласында:
халықаралық қоғамдастық жариялаған адам құқықтарының сақталуын қолдау және оларды құрметтеу, адам құқықтарының бұзылуына өзінің қатысы болмауын қамтамасыз ету; - Еңбек қатынастары саласында:
қауымдастықтар бостандығын қолдау және іс жүзінде ұжымдық шарттар жасасу құқығын тану, мәжбүрлі еңбектің барлық түрін жоюды жақтау, балаларды еңбегін толық жоюды жақтау, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды жақтау; - Қоршаған ортаны қорғау саласында:
қоршаған ортаға жағымсыз әсердің алдын алуға жәрдемдесу, қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамалар қабылдау, экологиялық таза технологияларды дамытуға және таратуға жәрдемдесу; - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында:
бопсалау мен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық түріне қарсы тұру.
Кадрлық
саясат
Қызметкерлерді дамыту
Атауы | Өлшем бірлігі | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 |
Қызметкерлердің жалпы саны | адам | 3 183 | 3 358 | 3 453 | 3 197 |
Еңбекақы төлеу шығыстары | млн теңге | 10 602 | 11 955 | 14 767 | 13 014 |
«Транстелеком» АҚ 3 197-нан астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. «Транстелеком» АҚ қызметкерлері – тұрақты дамудың басты құрамдас бөлігі және «Транстелеком» АҚ қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ерекше назар аударады. «Транстелеком» АҚ-тың кадрлық саясаты кадрлық әлеуетті нығайтуға, ынталандырудың тиімді жүйесін құруға және персоналдың толыққанды дамуы үшін жағдай жасауға бағытталған.
Қызметкерлер құрамы
«Транстелеком» АҚ-қа 2023 жылы қабылданғаны, адам
(ішкі аууыстыруды қоспағанда)


2023 жылғы лауазымдар бойынша персоналдың тұрақтамауы, %

2023 жылғы персоналдың жасы бойынша саны, %

Нәтижелілікті |
Барлығы | Персонал санаты | |||
Басшылар | Мамандар/қызметшілер | Жұмысшылар | |||
Тізімдегі саны | адам | 3 197 | 444 | 2 155 | 598 |
оның ішінде: | |||||
ерлер | адам | 1 863 | 315 | 1 389 | 159 |
әйелдер | адам | 1 334 | 129 | 766 | 439 |
Әйелдер сыйақысының |
Барлығы | Персонал санаты | ||
Басшылар | Мамандар/қызметшілер | Жұмысшылар | ||
Сыйақы | 100% | 14% | 67% | 19% |
оның ішінде: | ||||
ерлер | 58% | 10% | 43% | 5% |
әйелдер | 42% | 4% | 24% | 14% |
Қызметкерлерді оқыту
2023 жылы оқытудан және біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлер саны 1 159 адамды құрады, оның ішінде өндірістік персонал – 1 107 адамды, әкімшілік персонал – 52 адамды құрады. «Транстелеком» АҚ-тың 40 маманы, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік, экономика және қаржы, ақпараттық технологиялар инфрақұрылымы, желілік жабдық, бағдарлау және виртуалдандыру саласында сертификатталған.
«Транстелеком» АҚ сертификатталған мамандар санының артуы, адам


Әлеуметтік саясат
«Транстелеком» АҚ-тың әлеуметтік саясаты ынталандыру құралы ретінде персоналдың көңілі толуына тікелей әсер етеді, бұл өз кезегінде «Транстелеком» АҚ қызметінің өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді. Ол «Транстелеком» АҚ жұмыскерлерінің өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдарға (жұмыскерлер, зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар және т.б.) көмек пен қолдау көрсетуге, персоналдың көңілі толу көрсеткіштерін арттыруға бағытталған.
Санаттар бойынша 2023 жылғы әлеуметтік шығыстар, мың теңге

2023 жылы әлеуметтік жеңілдіктерге жұмсалған шығыстар 618 459 мың теңгені құрады, бұл 2022 жылға қатысты алғанда 77%-ды құрайды. 2023 жылы «Транстелеком» АҚ бір жұмыскеріне орташа есеппен жұмсалған шығын 239 мың теңгені құрады.
Спорт және денсаулық
2023 жылы 2023 жылғы маусымда Өскемен қаласында өткен Спартакиаданы ұйымдастыру іс-шарасы қайта басталды. Барлық өңірлерден келген командалар VI жазғы Спартакиадаға қатысты. Өткізілген сайыстар қорытындысы бойынша орталық аппарат командасы бірінші орынды иеленді.
«Транстелеком» АҚ кәсіподағы компания өміріне белсенді түрде қатысады. Мәселен, 2023 жылдың ішінде кәсіподақ арқылы жұмыскерлерді, олардың балаларын, жақын туыстарын емдеуге материалдық көмек көрсетілді. 8 наурыз, Наурыз мейрамы мерекелеріне орай іс-шаралар, сыйлық сертификаттары ұйымдастырылды.
Биыл 10 ерікті адам 20 ардагерге және 5 тыл еңбеккеріне барды.
Балаларды қорғау күніне орайжыл сайын жұмыскерлердің балаларына арналған іс-шаралар өткізіледі, ойын-сауық орталықтарына, балалар кафесіне сертификаттар берілді, сыйлықтар сатып алынды.
Ерікті медициналық сақтандыру
Жыл сайын «Транстелеком» АҚ жұмыскерлері ауырған жағдайда ерікті сақтандыру қызметтерін пайдаланады. 2023 жылы компания «Халық» СК» АҚ-пен шарт жасасты. Бір жыл ішінде 5 642 адам сақтандыру қызметін пайдаланды, оның ішінде 2 442-сі – жұмыскер және 3 200-і – отбасы мүшелері. Сақтандыру сыйлықақысының сомасы 317 737 теңгені құрады.

ҚР ЖОО-мен
өзара іс-қимыл
«Транстелеком» АҚ тәжірибесі және тағылымдамасы
- 187 студент тәжірибеден өтті
- 18 студент ОА мен аймақтарға жұмысқа орналасты
- Компанияда 30 меморандум қолданылады
- Студенттер тәжірибеден өткен 38 бағыт (қызмет/бригада/учаске) бар
- Сауалнама бойынша тәжірибеге көңілі толу деңгейі 96%-ды құрады
Жұмыскерлерді
марапаттау
және
көтермелеу
«Байланыс және ақпараттандыру күні», «Қазақстан Республикасы күні»
Жыл сайын Байланыс және ақпараттандыру күні кәсіби мерекесінің, Қазақстан Республикасының күні қарсаңында «Транстелеком» АҚ еңбектегі жетістіктері және байланыс саласына қосқан елеулі үлесі үшін ведомстволық наградалармен марапатталады.
Биыл Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) «Транстелеком» АҚ-тың 12 еңбек сіңірген жұмыскерін атап өтті, оның ішінде 6 жұмыскер ақпараттандыру саласындағы байланысты дамытуға қосқан зор үлесі, еңбекте үлкен нәтижелерге қол жеткізгені, кәсібилігі және тәлімгерлігі үшін «Үздік байланысшы» жоғары құрметті атағына ие болды.
Қоғамның 6 жұмыскері Құрмет грамоталарымен және ЦДИАӨМ Алғысхаттарымен марапатталды.
Біз Telco және IT қызметтерін сапалы түрде ұсыну мақсатында күнделікті жедел әрекет етуді, жедел араласуды, 24/7 орнынан табылуды қажет ететін күрделі міндеттерге тап болған әрбір жұмыскердің үлесін бағалаймыз.
«Транстелеком» АҚ марапаттары
«Транстелеком» АҚ-та материалдық емес көтермелеу жүйесі жұмыс істейді, оның аясында жыл сайын «Транстелеком» АҚ Басқарма Төрағасының атынан кәсіби қызметіндегі жоғары жетістіктері үшін ерекше көзге түскен қызметкерлер көтермеленеді.
2023 жылы Байланыс және ақпараттандыру күні, Республика күні мерекелеріне орай жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, кәсібилігі мен шеберлігі үшін Құрмет грамотасымен және «Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасының Алғысхатымен 286 қызметкер марапатталды (оның ішінде өңірлерден – 159 адам; ОА – 127 адам).


Қоршаған
ортаны қорғау
Экологиялық
бастамалар және
қоршаған ортаны
қорғау тәсілі
«Транстелеком» АҚ – телекоммуникациялық және IT қызметтер көрсету, жобаларды іске асыру, инфрақұрылымды дамыту және пайдалану саласындағы қызметін жүзеге асыра отырып, «Транстелеком» АҚ-тың қызметі, кез келген басқа өндірістік қызмет сияқты қоршаған ортаға әсер ететінін толық түсінеді.
Басқа салалармен салыстырғанда телекоммуникация секторының қоршаған ортаға әсері салыстырмалы түрде төмен. «Транстелеком» АҚ қоршаған ортаға, денсаулыққа, қауіпсіздікке және өмір сапасына әсер еткені үшін өзінің жауапкершілігін мойындайды.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ортаны сақтау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану үшін барлық қажетті шараны қолданады. Табиғи ресурстарды құрметтеу және оларды пайдалануды барынша азайту. Тұрақты дамуға қол жеткізу үшін қоршаған ортаға әсерді азайту.
Компания қызметінің экологиялық аспектілерін басқару үшін корпоративтік басқару жүйесінің ажырамас бөлігі және қаржылық емес тәуекелдерді басқару жүйесінің маңызды бөлігі – экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) құрылды. «Транстелеком» АҚ ISO 14001 халықаралық стандартына және ұлттық стандартқа сәйкес сертификатталған және өзінің ЭМЖ үнемі жетілдіруге тырысады.
ЭМЖ жұмыс істеп тұрған күйінде ұстау және оның көрсеткіштерін үнемі жақсарту үшін ЭМЖ ішкі құжаттары қолданылады:
- «Транстелеком» АҚ экологиялық саясаты;
- Экологиялық менеджмент саласындағы мақсаттар, міндеттер және бағдарламалар;
- Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару;
- Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық;
- Құрамында сынап бар жабдықтармен және материалдармен жұмыс істеу;
- Экологиялық аспектілерді (бұдан әрі – ЭА) сәйкестендіру және бағалау;
- ЭA тізілімі;
- Маңызды ЭA тізілімі;
- Нормативтік талаптар тізілімі;
- ЭМЖ жөніндегі нұсқаулық.
2023 жылы «Транстелеком» АҚ қоршаған ортаны қорғау саласындағы ISO 14001 халықаралық стандартының және ұлттық стандарттың талаптарына сәйкестігіне қатысты инспекциялық аудиттен өтті.
«Транстелеком» АҚ ҚР табиғат қорғау заңнамасының талаптарын қатаң сақтайды және үнемі қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға бағытталған бірқатар іс-шараларды іске асырады. Қоршаған ортаны қорғау шығындары бірнеше бөліктен тұрады:
- атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындылары, ағын суларды төккен кезде құрамында ластаушы заттардың болғаны үшін, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін экологиялық төлемдер;
- атмосфераға зиянды заттардың шекті рұқсат етілетін шығарындылары нормативтерінің жобаларын әзірлеуге инвестиция және атмосфераға ластаушы заттарды шығаруға, қоршаған ортаға әсерді бағалау жобаларын әзірлеуге рұқсат алу.
2022-2023 жылдар кезеңінде бақылаушы органдардан ескертулер түскен жоқ.
2023 жылы экологиялық заңнаманы сақтамағаны үшін айыппұл санкциялары және басқа да қаржылық емес санкциялар салынған жоқ.
Атмосфераға
шығарындылар және
климаттың өзгеруі
Сондай-ақ «Транстелеком» АҚ технологиялық жетілдіруді ұдайы енгізе отырып және ластаушы заттар шығарындыларын қысқартуға ықпал ете отырып, біздің қызметіміздің атмосфералық ортаға теріс әсерін азайтуды қамтамасыз етуге тырысады. Ол үшін «Транстелеком» АҚ атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын нақты азайтатын өндірістің экологиялық таза және энергиялық тиімді өндіріс технологияларын пайдаланады.
Экологиялық аспектілерді басқару үшін «Транстелеком» АҚ корпоративтік басқару жүйесінің ажырамас бөлігі және қаржылық емес тәуекелдерді басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылатын экологиялық менеджмент жүйесін (ЭМЖ) құрды. «Транстелеком» АҚ ISO 14001 халықаралық стандартына сәйкестігіне қатысты сертификатталған және ЭМЖ үнемі жетілдіру жұмыстарын жүргізеді.
Өндірістік қызмет аясында «Транстелеком» АҚ филиалдары тиісті рұқсаттар алады, сондай-ақ жыл сайын қадағалау органдарына статистикалық ақпарат ұсынады.
Сатып алуды
ұйымдастыру
«Транстелеком» АҚ-та сатып алу «Транстелеком» АҚ-тың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу саясатына және «Транстелеком» АҚ Басқармасының 2021 жылғы 02 қыркүйектегі шешімімен бекітілген «Транстелеком» АҚ-тың сатып алу қызметін басқару қағидаларына сәйкес жүзеге асырылды.
«Транстелеком» АҚ-тың 2023 жылғы жалпы сатып алу көлемі 15 913 168 теңгені құрады, оның ішінде 3 988 423 теңге сомасына тауар, 4 136 081 теңге сомасына жұмыстар және 7 788 662 теңге сомасына қызметтер сатып алынды. Жалпы, «Транстелеком» АҚ сатып алу қызметін оңтайландыру, өндірістік қуатты арттыру және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық қажетті іс-шараны жүргізеді.
Жалпы сатып алу көлемі, %
