Компанияның
көрсететін қызметтері
«Транстелеком» АҚ ҚР ең ірі байланыс операторларының бірі бола отырып, телекоммуникациялық және IT қызметтердің кең шоғырын ұсынуға маманданған.
Тапсырыс беруші ұйымның немесе бас ұйымның мүддесі үшін дауыстық байланыс арналары, электрондық пошта, факс арқылы және интернет-чат режимінде өтініштерді өңдеу және ақпараттандыру қызметі.
IaaS виртуалды инфрақұрылымы – виртуалды серверлерді өз бетінше құруға, клондауға, олардың конфигурациясын өзгертуге және желіні баптауды басқаруға мүмкіндік беретін жеке, толығымен оқшауланған виртуалды ақпарат орталығын (VDC) құруға арналған икемді шешім.
Мұрағат ісіне сай құжаттардың электрондық нұсқаларын сақтауға арналған көп пайдаланушы жүйесі. мұрағат істерін іздеу тұрғысынан мұрағатшының жұмысын оңтайландырады.
Электр қуат көзін және байланыс арнасын ұсынуды қоса алғанда, жабдықты (серверді) «Транстелеком» АҚ ақпарат орталықтарында орналастыру, соның ішінде.
Техникалық қолдау көрсету қызметі және пайдаланушыларды сүйемелдеу.
IT-процестерді басқаруға арналған платформа.
Компьютерлік жабдыққа/ноутбукқа қызмет көрсету мен қолдауды, лицензияланған бағдарламалық жасақтаманы ұйымдастыру аутсорсингі.
Актив, пассив желілік жабдықты орнату, баптау және қолдау қызметтері.
Корпоративтік деректердің ақпараттық қауіпсіздігі мен құпиялығын қамтамасыз етуге бағытталған техникалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені.
Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы консалтинг тапсырыс берушіге мыналарды анықтау мақсатында көрсетілетін қызметтер кешенін білдіреді:
- әлемдегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша үздік тәжірибелерге, салалық талаптарға сәйкес, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қазіргі бар қатерлерге қарсы іс-қимылдың тиімділігі тұрғысынан ұйымдағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ағымдағы деңгейін (жетілу деңгейін);
- ақпараттық қауіпсіздікті дамыту бағытын, ұйымның стратегиялық даму мақсаттарын ескере отырып, мақсаттар мен шешілетін міндеттер бағытын;
- таңдалған бағыт бойынша алға жылжу және алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті нақты іс-әрекеттерді.
ҚОТЖ жобасының аясында құрамына бағдарламалық жасақтаманы жеткізу, ақпараттық жүйені енгізу және жабдықты жеткізу (қажет болған кезде) кіретін, ақпараттық технологиялар саласындағы толық аяқталған кешенді жұмыстар көрсету.
Бейнеконференцияларды ұсыну, ұйымдастыру және техникалық қолдау қызметтері.
Клиенттердің қажеттіліктеріне сәйкес жаңа немесе өзгертілген қызметтерді іске асыру және пайдалануға беру жобаларын басқару.
- SAP ERP – кәсіпорын ресурстарын басқару жүйесі;
- SAP HCM – персоналды басқару жүйесі және жалақыны есептеу;
- SAP BW – корпоративтік есептілікті құру үшін пайдаланылатын деректерді жинауды, сақтауды және басқаруды қамтамасыз ететін жүйе;
- SAP BO – кеңейтілген түрде талдауға және деректерді барынша көрнекі түрде ұсынуға арналған бірыңғай талдау платформа;
- SAP CRM – клиенттермен қарым-қатынасты басқару жүйесі;
- SAP HANA – деректерді сақтауға және өңдеуге арналған өнімділігі жоғары newsql платформасы;
- SAP S/4 HANA – бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған жаңа буын платформасы.
Серверлік, ДСЖ, коммутациялық, тіршілікті қамтамасыз ету (ауа баптағыш, UPS) сияқты жабдықтарды қоса алғанда, it-инфрақұрылымға техникалық қолдау көрсету қызметтері.
Әртүрлі елдердің аумағында орналасқан пайдаланушылар арасында телефон байланысын ұйымдастыру.
Интернет желісі арқылы немесе кез келген басқа IP-желілер арқылы сөйлеу сигналын беру қызметтері.
SIP-транк цифрлық телефония қызметін көрсететін компания мен клиенттік станция арасындағы виртуалды байланыс арнасы іспеттес. Ол қажетті нөмірлер санын қосуға мүмкіндік береді.
Қабылдау пунктінде міндетті түрде жазып алу арқылы әріптік-цифрлық хабарларды (жеделхаттарды) қашық жерге беру қызметтерін сымдар және/немесе радио сигналдары арқылы берілетін электр сигналдары жүзеге асырады. Айрықша ерекшелігі – құжаттылық: хабар арналған адамға баспа әрпімен (сирек жағдайда қолмен) жазылған мәтін түрінде табыс етіледі.
ADSL технологиясы бойынша интернет желісін қолдануға рұқсат беру қызметтері телефонды ақпаратты берумен бір мезгілде пайдалануға жол ашады. деректерді асимметриялық беру арнасы арқылы бір мезгілде бере отырып, дауыстық трафикті беру қамтамасыз етіледі.
Ғимараттың шекарасына жететін оптикалық талшық арқылы интернет желісін қолдануға рұқсат беру қызметтері, оптиканың абонентке жетуі, яғни оптикалық тораптың орта есеппен 100-250 абонентке рұқсат беруді қамтамасыз ету мүмкіндігі.
ETHERNET технологиясы бойынша интернет желісін қолдануға рұқсат беру қызметтері деректерді секундына 100 Гб дейінгі жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
Клиенттер үшін аумақтық бөлінген қорғалған деректерді берудің корпоративтік желісін құру. IP/MPLS технологиясына негізделген қорғалған корпоративтік IP-желілерді ұйымдастыру. Қызмет ұйымның құрылымдық бөлімшелерін (офистер бірлестігін) немесе қала ішінде, облыс ішіндегі елді мекендерде, сондай-ақ бүкіл ҚР аумағында және шетелде серіктес компаниялар желісін өзара байланыстыруға мүмкіндік береді.
Тапсырыс беруші компанияның өткізу қабілетімен nx64 кбит/с аумақтық бөлінген офистері мен қажетті түпкі жабдық арасында «нүкте-нүкте» топологиясымен деректерді беру қызметтері.
Спутниктік жүйелер базасында ҚР бүкіл аумағында кез келген түрдегі деректерді беру қызметтері.
Телефон байланысы қызметтерін іске асыру үшін «Транстелеком» АҚ желісіне бөгде байланыс операторын қосу бойынша қызметтерін көрсету.
«Транстелеком» АҚ телекоммуникация желісіндегі ЖІІЖ басқару пультіне клиенттерді/бөгде операторларды қосу қызметтері.
Ұзындығы 24 мың шақырымнан асатын елдегі ең ірі талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) бірінде іске асырылған жеке магистральдық DWDM негізіндегі қызмет.
Интернет-операторлардың өз желілері арасында трафик алмасу туралы келісімі, сондай-ақ осы келісімді іске асыратын техникалық өзара іс-қимыл: желілерді қосу және BGP хаттамасы бойынша желілік бағыттар туралы ақпарат алмасу.
Платформа заманауи және ауқымы үлкейтілетін интерактивті ТД қызметін өрістету үшін транскодингтен бастап, CDN-ге дейін және барлық танымал құрылғыларға арналған клиенттік қосымшаларға дейін барлық қажетті компоненттерді қамтиды.
Аутсорсинг
қызметін көрсету
«Транстелеком» АҚ қызметінің және ақпараттық қызметтерін кеңейтудің болашақта нәтиже күтілетін бағыттарының бірі – IT-аутсорсинг, ұйымдардың ақпараттық-техникалық жүйелерін жобалауға, пайдалануға және оларға қызмет көрсетуге байланысты міндеттерді шешу.
Ақпараттық технологиялар нарығына жатпайтын ұйымдар үшін IT-қамтамасыз ету көмекші процестер санатына кіреді. IT-инфрақұрылымның және оны басқарудың күрделілігінің артуына, сондай-ақ кадрлардың жетіспеушілігіне байланысты көптеген ұйымдар IT-аутсорсингті аталған мәселелердің нақты шешімі ретінде қарастырады.
Жобаларды іске асыру барысында ақпараттық-коммуникациялық кешеннің барлық функциясын аутсорсингке шығару және оның АКТ құрылымын шоғырландыру ұсынылады: ақпараттық-телекоммуникациялық оператордың басқаруындағы ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді дамыту, енгізу, басқару, пайдалану және сервистік сүйемелдеу міндеттерін орталықтандыру.
Сонымен, «Транстелеком» АҚ көптеген ұқсас міндеттерді шоғырландырып отыр, сол арқылы оларды орындау өнімділігі мен сапасын арттырады. Сервистік стратегияны IT-аутсорсингке мамандандырудың әлеуметтік және экономикалық мәні осында. Ірі ұйымдар үшін IT-аутсорсинг ақпараттық технологияларды пайдалану шығынын азайтады және олардың сапасын арттырады, IT-процестерді стандарттау ұйымның ашықтығын арттырады және қаржыны үнемдеуге жол ашады.