Жамбыл ТТС су тасқынына қарсы іс-шаралар үшін Атырау облысына арнайы техника жіберуде.
15.04.2024
«Жамбыл облысы әкімдігінің сандық технологиялар басқармасы» КММ сұрауы бойынша ЖамбылТТС филиалының басшылығы су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін, сондай-ақ Атырау облысының тұрғындарын эвакуациялау үшін Атырау облысына арнайы техника жіберу туралы шешім қабылдады.
Филиал қызметкерлері арнайы техниканы жедел түрде тасымалдауды және тиеуді ұйымдастырды.