Транстелеком мен Streamax цифрлық көлік және ЖИ-шешімдер саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

«Транстелеком» АҚ (ТТС) көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін интеллектуалды шешімдер саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі - Streamax компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Талқылаудың басты бағыты - телекоммуникация, цифрлық аналитика және жасанды интеллект қиылысында технологияларды дамыту.
Кездесу барысында тараптар тәжірибе алмасып, ағымдағы жобалар туралы айтып, ынтымақтастықтың мүмкін форматтарын талқылады. ТТС көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды цифрландыруда, корпоративтік және мемлекеттік секторлардағы жобаларды іске асыруда, сондай-ақ бұлтты сервистер мен IT-өнімдерді дамытуда өз тәжірибесін ұсынды.
Streamax өз кезегінде жүргізушілерді мониторингілеудің интеллектуалды жүйелерін, ЖИ базасындағы бейне аналитиканы, сондай-ақ көлік операцияларының қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға арналған кешенді шешімдерді көрсетті.
Жаһандық технологиялық компаниялар тарапынан ТТС-ға деген қызығушылық - қазақстандық телекоммуникациялық нарықтың әлемдік контексте барған сайын маңыздырақ болып келе жатқанының көрсеткіші. Streamax-ты қоса алғанда, ірі халықаралық ойыншылар тек ұсыныстармен ғана емес, сонымен қатар тәжірибе жинау, процестерді зерттеу және ТТС-да күшті операциялық және технологиялық серіктесті көру ниетімен келеді.
Сапар аясында Streamax өкілдері ТТС делегациясын компанияның бас кеңсесіне баруға, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған өздерінің ЖИ-шешімдері бойынша ТТС мамандарына оқыту жүргізуге шақырды.
ТТС жетекші әлемдік компаниялармен серіктестікте ынтымақтастыққа, білім алмасуға және озық технологияларды енгізуге ашық болып қала береді.
БАҚ және серіктестік сұраулар үшін байланыс деректері: