ТЫҢДАҢЫЗДАР!!!
Online подключение услуг
АО «Транстелеком»!!!

Астана, Казахстан — 13.12.2013 18:57:04

Сапа менджменті жүйесі

2015-2017 жылдарға арналған «Транстелеком» АҚ энергетикалық тиімділікті арттыру саласындағы мақсаттары, міндеттері

Энергетикалық тиімділікті арттыру саласындағы мақсаттары:

энергетикалық тиімділігін арттыру.

өндірілетін тауар өнімдерінің энергиялық сыйымдылығын 2015 жылға дейін 10 %,2020 жылға дейін 20 % төмендету.

Энергетикалық тиімділікті арттыру бағытындағы міндеттер:

жүргізілген энергетикалық аудиттің қорытындыларымен анықталған энергияны үнемдеу және энергияның тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар орындау;

жүргізілген энергетикалық аудиттің қорытындыларымен анықталған энергетикалық ресурстарды тұтынудың салыстырмалы деңгейінің төмендеуіне қол жеткізу;

«Транстелеком» АҚ енгізілген энергетикалық менеджмент жүйесі ISO 50001 стандарты сәйкес болуын растау;

энергияны үнемдеу әлеуетін анықтау және одан әрі іске асыру, энергетикалық тиімділікті арттыру мақсатында «Транстелеком» АҚ филиалдарына толықтай немесе олардың жеке түрлері мен процестеріне энергетикалық тексерістерді үнемі жүргізіп отыру;

энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету саласында жұмыскерлердің біліктілігін үнемі арттырып отыру.

«Транстелеком» АҚ 2015-2017 жылдарға арналған энергетикалық саясаты

«Транстелеком» АҚ энергетикалық саясатының негізгі бағыты – энергетикалық тиімділікті арттыру, тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін жоғары деңгейдегі сапалы қызмет көрсету, энергияны үнемдеу және энергия тиімділік саласындағы барлық заңды талаптарды сақтай отырып, олардың өндірістегі энергия сыйымдылығының салыстырмалы көрсеткішін төмендету.

«Транстелеком» АҚ энергетикалық саясаты басқару жүйесінің сапасын жетілдіру, жұмысшылардың еңбек ету нәтижелерін арттыру, өндіріс қызметінің сапасының жақсаруы үшін жағдай жасайды, алға қойған мақсаттар мен міндеттерге жету үшін ақпараттар мен қажетті дереккөздерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

«Транстелеком» АҚ энергетикалық саясаты мына төмендегілер бойынша бағытталған:

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру» туралы ҚР заңының 13.01.2012 жылғы №541-ІV талаптарын орындау;

энергетикалық мақсаттар мен міндеттерді қою және қайта қарау үшін негіздерді құру;

«2020 жылға дейінгі «Транстелеком» АҚ «Энергия үнемдеу» бағдарламасын әзірлеу;

энергиялық тиімді өнімдер мен қызметтерді сатып алуға қолдау көрсету және энергияның нәтиже беруін жақсартуды жоспарлау;

«Транстелеком» АҚ энергетикалық менеджмент жүйесінің ISO 50001 стандартына сәйкес болуына қолдау жасау, энергетикалық нәтижелердің мониторингін іске асыру;

энергоменеджмент мәселелері бойынша жұмыскерлердің энергокөрсеткіштерін және біліктілігін арттыру үшін қажет болатын ақпараттық оқыту және техникалық жетілдіру бағдарламаларын жүргізу;

үнемі қайта қарап отыру, қажет болған жағдайда энергетикалық саясатты жандандыру.

Экология саласындағы саясат

«Транстелеком» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) телефон және телеграф байланысы қызметін; IP телефония қызметін; телекоммуникация қызметін көрсету, байланыс желілерін құру және пайдалану саласында өзінің қызметін жүзеге асыра отырып, Қоғам қызметі толықтай кез келген басқа өндірістік қызмет сияқты қоршаған ортаға әсер ететіндігін мойындайды.

Экология саласындағы Қоғам саясатының негізгі мақсаты – өндірістік процестердің қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерін үнемі төмендетіп отыру және болдырмау.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Қоғам төмендегілерге ниет етеді:

·Қоғамның даму стратегиясын әзірлеу кезінде Қоғамның, қаланың және өңірдің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мүдделерінің үйлесуіне негізделген қағидаттарды басшылыққа алу;

·МС ИСО 14001:2004 талаптарына сәйкес, Қоғамның экологиялық менеджменті жүйесін өзінің қызмет саласында маңызды, құрастырушы артықшылықтардың бірі ретінде қарастыра отырып, қолдау және үздіксіз жетілдіру;

·табиғатты қорғау қызметіне қажетті ресурстар бөлу, қоршаған ортаға тиетін жағымсыз әсерлерді төмендету бойынша іс-шаралар әзірлеу және енгізу жолымен қоршаған ортаға тиетін жағымсыз әсерлердің барлық түрлерін қысқарту және болдырмау;

·әлеуетті апаттармен және апатты жағдайлармен байланысты қоршаған ортаны ластау қауіп-қатерлерін төмендету;

·қызметтер мен материалдарды сатып алу кезінде жеткізушілердің экологиялық көрсеткіштерін қадағалау;

·жобаларды жүзеге асыру кезінде шығарылған заттар мен қалдықтарды тазалау және қалдықтарды кәдеге жарату үшін заманауи, аса тиімді жабдықтарды қолдану, қоршаған ортаға жағымсыз әсерін азайту үшін өндірістің экологиялық аспектілерін ескеру;

·табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін арттыру және экологиялық көрсеткіштерді үздіксіз жақсарту мақсатында Қоғамның экологиялық менеджменті жүйесінің ішкі аудитін жүзеге асыру;

·қоғам қызметіне байланысты экологиялық мәселелер бойынша барлық мүдделі тараптарды ашық ақпараттандыра отырып, билік органдарымен, тұрғындармен және қоғамдық ұйымдармен конструктивті диалог орнатуға ұмтылу;

·өздерінің жұмыс орнында қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамалардың талаптарын және экология саласында осы Саясатты орындауды қамтамасыз ету үшін, Қоғам қызметкерлері мен басшыларының біліктілігін үнемі арттырып отыру;

·Қазақстан Республикасы экологиялық заңнама талаптарына сәйкес әрекет ету.

Қоғам басшылығы экология саласындағы Саясатты жүзеге асыруды өз жауапкершілігіне алады,экологиялық менеджмент жүйесінің нәтежелілігін үнемі арттыру міндеттемесін қабылдайды және Қоғамның әр қызметкері бекітілген экологиялық талаптар және нормаларды орындауға жеке жауапкершілікті ұғынатындығына куәландырады.

«Транстелеком» АҚ-да 2005 жылдан 9001:2008 ИСО МЖ (ISO 9001:2008) талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) енгізілді және жұмыс жағдайында қолданылады. Сертификат NQA халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сертификаттандыру бойынша жұмыс жүргізу құқығында аккредиттелген, сертификаттау бойынша жетекші әлемдік органдарымен берілген.

Сертификат күші Қоғамның барлық сапа менеджменті жүйесіне таралады, жергілікті телефон байланысы және қосымша қызметтер; телеграф қызметтері; өз желісіндегі абоненттерге қалааралық, халықаралық телефон байланысы; бөгде операторлар желісіндегі абоненттерге қалааралық, халықаралық телефон байланысы; ІР телефония; жоғары жылдамдықта деректерді тарату; бөлінген желі байланысы бойынша телекоммуникация; байланыс арналарын жалға беру бойынша (IP/MPLS халықаралық жеке бөлінген арналарын қосқанда); телекоммуникацияның әмбебап қызметтері; қозғалмалы радио/радиотелефонды, ұялы байланысы; «Интернет» желісіне қатынау; байланыстың бөгде операторларының телекоммуникация желілерін телекоммуникация желісіне және трафикті өткізуге қосу бойынша қызметтерін ұсынуға және жобалауға қолданылады.

Телекоммуникацияның жерсеріктік және радиорелелі жүйелерінің, талшықты-оптикалық және мыс кәбілді байланыс желісін; ұялы және транкингті, пейджингті және басқа жергілікті, қалааралық және халықаралық деңгейдегі радио желісін; байланыстың аналогты және цифрлы желісін құру және пайдалану.

Сертификаттау аясында Қазақстан бойынша телекоммуникация желісі сапасын қамтамасыз етудің «Транстелеком» АҚ-ның 14 филиалдарының қызметі тексерілді. Алынған сертификат Қоғам қызметі әлемдік және қазақстандық сапа стандартына сәйкестігін растайды. СМЖ қызметінің негізіне ИСО 9000 сериясының халықаралық стандартының принциптері алынған.

Қазіргі уақытта 14001:2004 ИСО МЖ (ISO 14001:2004) халықаралық стандартына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мұндай жүйе құру Қоғамға қоршаған ортаға өз әрекеттерінің барлық жиынтығын басқара алатын және өз қызметін әртүрлі талаптарға сәйкестендіру арқылы нәтижелі құралмен қамтамасыз етеді деп болжамдалады.

2013-2015 жылдарға «Транстелеком» АҚ-ның сапа саласындағы саясаты

«Транстелеком» АҚ - халықаралық, қалааралық және жергілікті телефония, Интернет желісіне қатынау, сонымен бірге магистарльды талшықты-оптикалық байланыс арналарын жалдау қызметтерін ұсынатын, Қазақстан Республикасының жетекші телекоммуникациялық операторларының бірі.

«Транстелеком» АҚ - Қазақстан Республикасының танымал баламалы байланыс операторларымен және басқа да халықаралық компанияларымен өзара тиімді ынтымақтастығына мүдделі, жедел дамып келе жаткан компания. Магистарльды деңгейдегі оператор болып, біз жеке және корпоративті клиенттерге, сонымен бірге мемлекеттік компанияларға қызмет ұсынамыз.

«Транстелеком» АҚ-ның сапа саласындағы саясатының басты бағыты - тұтынушылардың талаптарын және үміттерін қанағаттандыратын, жоғары деңгейдегі сапалы қызмет ұсыну.

«Транстелеком» АҚ саясаты басқару жүйесі сапасын жетілдіру, қызметкерлердің еңбек нәтижесін жоғарылату және өндірістік қызмет сапасын жақсарту үшін жағдай жасайды.

«Транстелеком» АҚ саясаты табыстың үнемі өсуіне, заманауи жоғары технологиялық жабдықтарды және клиенттік базасын кеңейту өнімділігін жоғарылату негізінде телекоммуникация желісі және жүйесінің дамуына, сонымен бірге әркеттегі сапа менеджменті жүйесін үнемі жақсартуға бағытталған.

Біз ИСО 9001:2008 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес ендірілген, Сапа менеджменті жүйесі аясында жұмыс істейміз, бұл NQA - RUSSIA сертификаттау бойынша әлемдегі жетекші органдардың сертификатымен расталған. «Транстелеком» АҚ саясаты 2013 жылғы 12 маусымдағы «Транстелеком» АҚ Президентінің № 37-ВП бұйрығымен мақұлданған және бекітілген.

2013-2015 жылдарға арналған «Транстелеком» АҚ-ның сапа саласындағы мақсаттары

  1. Инфокоммуникациялық қызметтердегі клиенттердің артып келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру.
  2. Коммерциялық тиімділік пен капитализация деңгейін арттыру.
  3. Қаржылық және өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу.
  4. Сапа саласында персоналды оқыту, байланыс қызметтерін ұсынуды жетілдіру процестеріне қатысуға әр қызметкерді тарту.

Нурмурзаев Рахимжан Куанышбаевич
05.02.2017 01:16:07
Добрый день Жанболат Уракович хотелось бы отметить что вашей компании работают очень хорошие специалисты мастера своего дела я…