ТЫҢДАҢЫЗДАР!!!
Online подключение услуг
АО «Транстелеком»!!!

Астана, Казахстан — 13.12.2013 20:29:17

Үйде пайдалануға

  • Жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон байланысы
  • Қосымша қызмет түрлері (ҚҚТ)
  • Телеграф байланысы
  • Интернет желісіне қатынау

Жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон байланысы

Біздің компанияның теміржолды бойлай орналасқан тармақталған телефон байланысының желісі бар. Осы желі жетекші өндірушілердің қондырғыларын пайдаланумен (OKC – 7 и SIP) кейінгі әлемдік технологияға қол жеткізу негізінде құрылған, сигнал берудің сенімділігіне және қауіпсіздігіне кепілдік береді.

Желі Қазақстан Республикасының барлық ірі қалалары мен барлық облыс орталықтарын, сондай-ақ аудандық маңызы бар көптеген қалаларды және темір жол бойын бойлай орналасқан кенттерді қамтиды.

Қалааралық телефон байланысы - Қазақстан Республикасының түрлі әкімшілік аудандарының территориясында орналасқан пайдаланушылардың арасындағы телефон қосылулары.

Халықаралық телефон байланысы - Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан пайдаланушылар мен басқа мемлекет территориясында орналасқан пайдаланушылардың арасындағы телефон қосылулары. Телефон қосылулары автоматты түрде немесе оператордың көмегімен орнатылады.

Жалпы қол жетімділік қалааралық және халықаралық телефон байланысының қызметтерін пайдалануға шектеу қойылмаған барлық абоненттер үшін ұсынылады.

Қосымша қызмет түрлері (ҚҚТ)

Қосымша қызмет түрлері сіздердің уақыттарыңызды үнемдеуге, шығындарды қадағалауды қамтамасыз етуге, сіздің телефоныңызды рұқсатсыз пайдаланбауға, тұрмыста және үйде қосымша қолайлы жағдайлар жасауға көмектеседі. ҚҚТ қызметтерін «Транстелеком» АҚ-ның электронды АТС-ға қосылған абоненттері пайдалана алады.

ҚҚТ-ға келесі сервистік қызмет түрлері кіреді:

Толық телефон нөмірлеріне бір немесе екі цифрдан қысқа нөмірлер қою мүмкіндігін береді. Ондай қысқартылған нөмірлердің саны 10-нан 100-ге дейін болады.

Қайта бағыттау (барлық түрлері)

Егер қоңырауға ұзақ уақыт жауап болмаса, барлық кіріс қоңырауларды басқа телефон нөміріне қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Басқа нөмірге қайта бағыттау қызметін ұйымдастыру үшін, абонент алдымен бұрын тапсырыс берген қызметті(егер ол болса) жоюы керек, содан кейін жаңа нөмірмен жаңа мекенжайға тапсырыс беруі керек. Нөмірді бағдарламалаған кезде қалалық, қалааралық, халықаралық телефон желісіне шығу барысында нөмір терудің барлық ережелерін сақтау қажет. Барлық қайта бағытталған шақыруларға қалааралық, халықаралық телефон байланысын қоса есептегенде, осы қызмет үшін тапсырыс беруші абонент төлем жүргізеді, сондықтан рұқсатсыз тапсырысты болдырмас үшін, осы қызметке қол жеткізу құқығына жеке құпия сөз (пароль) енгізген дұрыс.

Кіріс қоңырауын ескерту

Бір абонентпен телефон арқылы сөйлесу кезінде, екінші абоненттің шақыруын қабылдауға мүмкіндік береді. Осы кезде: - екінші абонентпен сөйлесуді жалғастыруы (үшінші абонент ұзын гудоктарды естиді);- сөйлесуді жалғастыруы және үшінші абонентке тоқтау беруі ( үшінші абонент қысқа гудоктарды естиді); - үшінші абонентке ауысуы, және екінші абонентке тоқтау беруі; - екінші және үшінші абоненттермен кезек бойынша сөйлесуі (бұл кезде белсенді емес абонент сөйлесуге қатыспайды және оны естімейді) мүмкін.

Шығыс байланысын шектеу

Халықаралық және қаларалық байланыстарға рұқсат етілмеген шығыс байланыстарды шектеу.

Оятқыш

«Оятқыш» абонент тағайындаған кез келген уақытта қоңыраулатуы мүмкін. «Оятқышқа» тек бір рет тапсырыс беруге болады, сонымен қатар кез келген уақытты белгілеуге болады.

Тіркелген нөмірді теру

Алдын ала анықталған абонентпен нөмірді термей қосылысты орнатуға мүмкіндік береді. Тұтқаны 5-10 секунд ішінде көтерген жағдайда, бағдарламаландырылған нөмір автоматты түрде теріле бастайды.

«Күтіп тұру» қоңырауы

Басқа сөйлесу байланысымен босамай тұрған абонентпен қосылуды күте тұруға мүмкіндік береді. Шақырылып тұрған абонент босаған жағдайда бірден байланыс орнатылады (тек осы станса шегінде).

Кіріс байланысына уақытша тыйым қою (телефон үзілісі, «Мазаламаңыз!»)

Келіп түсіп жатқан қоңырауларға «Мазаламауыңызды өтінемін»,-деген хабарлама дауысы естіледі. Абонент шығыс қоңырауды пайдалана алады.

Конференцбайланыс

Конференцбайланыс – нақты қай жерде тұрғандарына қатыссыз, үш адамның бір мезгілде хабарласуы.

Кез келген кіріс байланысына тыйым салынады, кіріс байланысына автохабарлағыш: «Нөмір уақытша шақырылмайды»,-деген хабарлама жеткізеді.

Кіріс қоңырауының нөмірін анықтау (НАА)

Аппарат дисплейінде шақырушы абоненттің телефон нөмірін көруге мүмкіндік береді

Нөмірді антианықтағыш(Анти-НАА)

Шақырылатын абонентке қосылуға ынта білдірушінің (тапсырыс беруші-абонент) телефон нөмірін көруге мүмкіндік бермейді.

ҚҚТ қызметтерін активтендіру үшін Сіздің абоненттік бөлімге жазбаша өтініш беруіңіз қажет. Тапсырыс берілген қызметтерге қосылу – ақысыз, абоненттік төлемақы тарифке сәйкес алынады.

ЕСКЕРТУ: Сіз қосылып отырған АТС-ға жоғарыда аталған қызметтердің барлығы қол жетімді емес.

Интернет желісіне қатынау

«Транстелеком» АҚ – Қазақстан Республикасы территориясында Интернет желісіне қатынау қызметін ұсынатын ең үлкен алғашқы провайдерлердің бірі болып табылады.

ADSL технологиясы бойынша Интернет желісіне қатынауды ұсыну

ADSL кең жолақты қатынау (Asymmetric Digital Subscriber Line – Асимметриялық цифрлықабоненттік желі) – дауыстар мен деректерді «мыс» телефон арналары арқылы, бір мезгілде таратудың жаңа технологиясы. Қосу үшін әрекеттегі телефон желісін пайдалануға болады. Абонентте телефон және ADSL-модем қосылатын сплиттер (жиілік таратушы) орнатылады. Абонент телефонды, факсты және Интернет желісін бір мезгілде пайдалана алады.

ADSL - жерсеріктік және сымсыз қатынау жүйесіне қарағанда,талшықты-оптикалық желі сапасына жақын қосылудың жоғары сапасын береді. Арнайы бөлінген сымды арналармен салыстырғанда ADSL үшін бос мыс парын іздеудің қажеттілігі жоқ.

Дауыстық трафикті тарату деректерді таратумен қоса қамтамасыз етіледі. Деректерді тарату арнасы ассиметриялы:

1) кірістер секундына 32 кбит-тен - секундына 8-Мбит-ке дейін;-

2) шығыстар секундына 32 кбит-тен - секундына 640 Мбит-ке дейін.

Абонент тарапында компьтерлік ADSL - картасы немесе ADSL ішкі модемі орнатылады.

Станса тарапында модемдерінің тіреулерінің ADSL – DSL Access Moudule (DSLAM) қондырғысы орнатылады.

Қызметтердің негізгі артықшылықтары:

1) Интернет желісіне қатынаудың жоғары (секундына 512 Кбит-ке дейін) жылдамдығы;

2) қосымша Интернет - қызметтері (әр түрлі ақпараттық, музыкалық ресурстарға, онлайн - ойындарға, Интернет желісінің басқа да қызметтеріне қол жеткізу);

3) телефон сөйлесулері мен деректерді таратуды бір мезгілде жүзеге асыру;

4) байланыстың тұрақтылығы, сенімділігі және жоғары сапалылығы;

5) қызмет ақысын төлеудің ыңғайлы формасы;

6) ай сайынғы шығындарға шектеуді орнатудың мүмкіндігі;

7) тұтынатын трафик мониторингісін өз бетімен жүзеге асыру мүмкіндігі.

Телеграф байланысы

«Транстелеком» АҚ жеделхаттарды табыстау және қабылдап алу қызметтерін ұсынады. Жеделхаттарды, сонымен қатар шұғыл жеделхаттарды бір және одан көп мекенжайларға табыстау. Желінің негізін телеграф арналарының коммутациясын жүзеге асыратын цифрлы және аналогты жүйелердің автоматты телеграф стансалары құрайды.


Нурмурзаев Рахимжан Куанышбаевич
05.02.2017 01:16:07
Добрый день Жанболат Уракович хотелось бы отметить что вашей компании работают очень хорошие специалисты мастера своего дела я…