ТЫҢДАҢЫЗДАР!!!
Online подключение услуг
АО «Транстелеком»!!!

Астана, Казахстан — 05.12.2013 12:28:37

Біздің тарихымыз

«Транстелеком» АҚ – Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялық қызмет көрсетулердің, сондай-ақ ақпараттық коммуникациялық қызмет көрсетулердің кең спектрін ұсынуға мамандандырылған ірі байланыс операторларының бірі.

«Транстелеком» АҚ 1999 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның профильді емес активтері иеліктен шығарылғаннан кейін, ең бастысы, қолданыстағы теміржолдың байланыс жүйесін техникалық қолдау және жетілдіру үшін құрылды.

«Транстелеком» АҚ желілерді кеңейту бойынша алғашқы қадамды 2005 жылы жасады. Ол кезде Республиканың екі ірі қаржылық-экономикалық және саяси орталығын байланыстыратын Алматы-Астана талшықты-оптикалық магистралі пайдалануға берілді. Оның ұзындығы 1,3 мың километрден асты. Достық-Алматы және Астана-Петропавл талшықты-оптикалық магистралі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткен соң, жалпы ұзындығы 2 722 километрді құрайтын, Достық-Алматы-Астана-Петропавл бірыңғай магистральды ТОБЖ құрылды. «Транстелеком» АҚ теміржолға жататын жергілікті жерді телефондандырумен айналысты және компанияның табысын арттыру қажеттілігіне орай, оның қызмет көрсету спектрі де кеңейтілді. 2007 жылдан бастап 2012 жыл аралығында «Транстелеком» АҚ операторлармен Интернет желісіне қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша нарықта көш бастаушы болды.

Магистральды байланыс желісін одан әрі дамыту мақсатында, 2009 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан компаниясының ірі магистральды көлік желісін жеткізу және құрастыру үшін Alcatel-Lucent-пен шарт жасалды. Жобаны іске асыру үшін қаражат Еуропа қайта құру және даму банкісінен алынды. Жаңа талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу 2010 жылғы наурызда басталды және бір мезгілде үш учаскеде жүргізілді. Магистральды төсеу үшін 22 төсеу колонналары іске қосылды. Магистральды кәбілдің трассасы станса аумағы және жеке пункттер бойынша теміржол бойындағы арнайы бөлінген жердің жолағынан өткізілді. Топырақ құрамының әртүрлілігін және кейбір учаскелерде жұмыс жүргізудің күрделілігін ескерсек, трассаны төсеу оңай болмады.

Сонымен қатар, байланыс арналарын ұйымдастыру және «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Транстелеком» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің және басқа кәсіпорындардың магистральды желілерін қосу үшін магистральды кәбілден талшықтардың тармақталуы жүзеге асырылды. Жалпы ұзындығы - 3,9 мың километрден асатын байланыстың талшықты-оптикалық желісі 2011 жылғы қыркүйекте пайдалануға берілді. Сондықтан қазір ҚР теміржол желісіндегі ТОБЖ-ның жалпы ұзындығы - 6,6 мың километрден асады.

Байланыстың жаңа магистраліне Астана–Павлодар–Семей–Ақтоғай (1308 км), Шу–Арыс (Сарыағашқа және Өзбекстанмен мемлекеттік шекараға шығумен) – Қызылорда–Қандыағаш (2067 км); Көк-Новоишимск (Пресногорьковск ст. шығумен)–Қостанай (576 км) барлығы - 4 мың километр теміржол желісі қосылды.

Байланыс желісін пайдалануға беру «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің және «Қазақстан темір жолы» Президенті Асқар Маминнің тарпынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ Тасымалдауды басқару орталығында жүзеге асырылды.

Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев осы жобаның аса маңыздылығын атап өтті. Ол магистральды пайдалануға беру - теміржолға жататын аймақта орналасқан елді мекендерге барлық жаңа қызмет көрсету спектрін ұсынуға негіз болатындығын және 2015 жылға қарай телефон байланысының деңгейін 100-пайызға жеткізудің тағы бір қадамы болатындығын атап айтты.


Нурмурзаев Рахимжан Куанышбаевич
05.02.2017 01:16:07
Добрый день Жанболат Уракович хотелось бы отметить что вашей компании работают очень хорошие специалисты мастера своего дела я…