ТЫҢДАҢЫЗДАР!!!
Online подключение услуг
АО «Транстелеком»!!!

Астана, Казахстан — 20.12.2013 12:16:46

Ірі келісімдер

«Транстелеком» АҚ ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында, «Еуразия даму банкі» АҚ, «Қазақстан даму банкі» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ сияқты ірі банкілермен өзара белсенді жұмыстар жүргізеді. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жалғыз акционер - «ҚТЖ» ҰК» АҚ үшін де, басқа да бөгде ұйымдар үшін де көрсетілетін қызметтердің сапасының жақсаруы мақсатында қажет.

Бүгінгі таңда «Транстелеком» АҚ «Еуразиялық даму банкі» және «Сбербанк» АҚ ЕБ – мен ұзақмерзімді несиелік желілер есебінен, сәйкесінше 17,513 млрд. және 7,500 млрд. теңге сомасына «Энергодиспетчерлік тартудың «Автоматтандырылған жүйесі» инвестициялық жобасын жүзеге асыруда.

Сонымен қатар, «Қазақстан даму банкі» АҚ-ның ұзақмерзімді қарызын меңгерудің арқасында «Транстелеком» АҚ 2004 жылы Астана-Алматы учаскесінде «Талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының» (1-ТОБЖ) инвестициялық жобасын жүзеге асырды. «Транстелеком» АҚ осы шарт бойынша өзінің барлық міндеттемелерін 2013 жылғы маусымда орындады.

Еуропа қайта құру және даму банкісінің қарыздарын игерудің арқасында, 2008 жылы «Транстелеком» АҚ «Байланыстың алғашқы магистральды көліктік желісі құрылысының» (2-ТОБЖ) инвестициялық жобасын енгізді. Бірақ қаржы тәуекелділігін сақтандыру мақсатында, «Транстелеком» АҚ 2013 жылғы 20 қыркүйекте «Еуропа қайта құру және даму» банкінің АҚШ доллары валютасындағы қарыздарын «Қазақстан даму банкісі» АҚ-да «қазақ теңгесі» валютасында 2018 жылғы 25 қыркүйекке дейінгі мерзімге 11,136 млрд. теңге сомасында қайта қаржыландырды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда «Темір жол желілерінің бойын бойлай салынатын аппараттық-бағдарламалық байланыс платформасының құрылысы» (3-ТОБЖ) инвестициялық жобасын жүзеге асыру мақсатында, «Транстелеком» АҚ жалпы сомасы - 22,164 млрд. теңгені құрайтын қарыз тарту үшін іс-шараларды өткізіп жатқанын атап өтуіміз қажет. «Транстелеком» АҚ – бүгінгі күнде ірі банктердің алдында мінсіз несиелік тарихы бар, төлем қабілеттілігі жоғары клиент болып табылатынын атап өтуімізге болады.

Ірі келісімнің іске асырылуы туралы шешім

«Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесімен Еуразиялық Даму Банкімен екі жақты келісу арқылы несие келісімшарты және кепіл келісімшартына қол қою арқылы жүзеге асатын ірі келісім жасау туралы (18.10.2016 ж. №8/2016 хаттама) шешім қабылданды.


Нурмурзаев Рахимжан Куанышбаевич
05.02.2017 01:16:07
Добрый день Жанболат Уракович хотелось бы отметить что вашей компании работают очень хорошие специалисты мастера своего дела я…