ТЫҢДАҢЫЗДАР!!!
Online подключение услуг
АО «Транстелеком»!!!

Астана, Казахстан — 13.12.2013 20:30:23

Бизнес үшін

  • ТОБЖ базасында магистральды цифрлы арналарды жалдау;
  • Деректер мен дауыстардың халықаралық транзиті;
  • Интернет желісіне қатынау;
  • Жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон байланысы;
  • Бейнеконференцбайланыс;
  • Телеграф байланысы.

ТОБЖ базасында магистральды цифрлы арналарды жалдау

Қазіргі кезде «Транстелеком» АҚ-да Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Шымкент, Атырау қалаларында IP/MPLS көлік желісінің жобасы іске асырылды. Осы үш деңгейлі желі DWDM базасында магистральды талшықты-оптикалық байланыс желісінің үстінде салынған. Жобаны іске асыру бізге E1 -ден STM-16 деңгейіне дейін айқын арналарды бөлу ретіндегі қызмет көрсетулерді ұсынады. Осы жобаның негізгі бағыттары L2/L3 VPN деңгейінің виртуалды желісінің қызметін және Интернет ресурстарына, IP-телефондандыруға қатынауды ұсыну, Ethernet, xDSL және Wi-Fi технологиясы базасына қатынау деңгейінің желілерін ұсыну және тағы басқалары болып табылады.

Біз Қазақстан Республикасындағы магистральды талшықты-оптикалық байланыс құрылысында айрықша табысқа жеттік.

«Транстелеком» АҚ-ның бастапқы магистральды көлік байланыс желісінің жалпы ұзындығы - 6 673 км-ді құрайды:

Достық-Алматы-Астана-Петропавл (жалпы ұзындығы - 2722 км)

Астана-Павлодар-Семей-Ақтоғай (жалпы ұзындығы - 1308 км);

Шу-Арыс (Сарыағаш және Өзбекстан мемлекеттік шекарасына шығумен) – Қызылорда-Қандыағаш (жалпы ұзындығы - 2067 км);

Көкшетау-Новоишимская (Пресногорьковская-Қостанай стансасына шығумен) - Қостанай (жалпы ұзындығы - 576 км).

Қоғамның магистральды желі құралдары бойынша трансшекаралық өтпелері іргелес мемлекеттерге виртуалды Pop тораптары: М9 - Мәскеу және London-Nord-ты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, бізге халықаралық байланыс операторларымен интерконектілерін ұсынуға мүмкіндік береді.

Мөлдір цифрлы арна мүмкіндіктері:

1) қала ішіндегі абоненттердің алыстағы офистерінің телефон стансаларын және жергілікті желісін біріктіреді;

2) ІР протоколы бойынша, әр басқа протоколдарды қолданумен офистерді орындау;

3) телефония деректерді таратуды интегралдау;

4) алыстағы офиске кіші-АТС телефон нөмірлерін немесе абоненттің қалалық нөмірлерін ұсыну.

Мөлдір цифрлы арналарын қосу технологиясы мыс парларын жалғастыру желілері ретінде оператор торабы немесе абонент жабдықтары арасындағы учаскеде, ал көлік құралдары ретінде абоненттер нүктесін оператор тораптары арасындағы - талшықты-оптикалық байланыс желісі. Осы технология дауыстарды және деректерді тарату үшін бар протоколдарды қолдайды, деректерді таратудың стандартты әдістерін қолданатын қосымшалар үшін икемді шешім болып табылады.

Цифрлы арналарын жалға ұсыну қызметтері

IPLC арналарын жалға ұсыну

Қазақстанда тұратын абоненттердің офисін қосу үшін Халықаралық жеке желісі, басқа елдегі офиспен мөлдір жоғары жылдамдықты бөлінген және толық цифрлы арналары (IPLC – International Private Leased Circuits) арқылы ұйымдастырылады. Қызмет аз уақыт шығындары кезінде, жоғары жылдамдықты өткізгіш қабілетімен саны көп ақпараттарды тапсыру/қабылдау мүмкіндігі болу қажет заңды тұлғаларға арналған.

Арна абонентке қажет жылдамдықта кез келген бағытта ұйымдастырылуы мүмкін. Жеке желі маршруты коммутацияның қандай да бір элементтерін қоспайды, байланыстың жоғары сенімділігін қамтамасыз етеді.

Деректер мен дауыстарды таратудың халықаралық транзиті

«Транстелеком» АҚ шетел серіктестері- байланыс операторларымен бірлесіп, ТОБЖ базасында Еуропа және Азия арасында деректер мен дауыстарды таратудың халықаралық транзиті қызметін ұсынады. Осы қызмет көрсету: құрылымдық бөлімшелерді өзара байланыстыруға және Қазақстан территориясындағы және шетелдегі серіктес компаниялардың желілерін біріктеруге, сондай-ақ деректерді тапсыру желілерінің жаһандық желілерін қосуға негіз болады. Сигналды тарату ортасы ретінде сонымен сигналды аралық күшейтусіз үлкен қашықтыққа деректерді тарату мүмкіндігін беретін, жоғары өткізгіш қабілеті және төмен шығын сипатты ерекшелігі болатын оптикалық талшықтары қолданылады. Желінің жоғары сенімділігін географиялық таратылған маршруты және желілі-кәбіл құрылғыларының пайдаланудың жөнделген жүйесі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілерін резервте сақталуымен қамтамасыз етіледі. Басқа мемлекеттердің желі операторларымен қосылу нүктесі халықаралық операторлар трафигін тарату үшін нәтижелі ортаны құруға және Еуропа-Ресей-Қазақстан-Қытай (Еуропа-Азия) және (Еуропа-Ресей-Қазақстан-Өзбекстан-Қырғызстан) (Еуропа-Орта Азия) халықаралық дәлізінің жердегі магистральды желілеріне шығу кезінде байланыс қызметінің кепілді сапасын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа 2012-2013 жылдардағы дамыту жоспарына Қырғызстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Ресей Федерациясының қосымша магистральды өтпелері трансшекаралық өтпелерін ұйымдастыру жоспарланған.

Интернет желісіне қатынау

«Транстелеком» АҚ - Қазақстан Республикасының территориясында Интернет желісіне қатынау қызметін ұсынатын алғашқы ірі провайдерлердің бірі болып табылады.

Біз бөлінген цифрлы арналар бойынша Интернет желісіне қатынауды қолданыстағы ресурстан бос ресурсты немесе жаңа талшықты-оптикалық желіні бөлу көмегімен ұйымдастырылатын жоғары жылдамдықта қосудың сапалы және сенімді тәсілін ұсынамыз. Бөлінген желі бір мезгілде жергілікті желінің барлық пайдаланушыларының Интернет желісіне қатынауын, сондай-ақ Қазақстан және шетел желілік сегменттеріне жылдам қатынауды және трафиктің көп көлемінің жоғары жылдамдықта берілуін қамтамасыз етеді.

«Транстелеком» АҚ RIPE халықаралық ұйымында тіркелген және ADSL, SHDSL, Ethernet технологиясы арқылы Интернет желісіне жоғары жылдамдықта қатынауды ұсынады.

«Транстелеком» АҚ «Интернет-трафигімен алмасу орталығы» Ассоцициясына кіреді, осы ұйымның миссиясы – «трафиктің ішкі үлесін жоғарылату» және қазақстандық провайдерлердің жалпы шығындарын ішкі интернет-арнасын жалдауды азайту»

IP VPN арналарын жалдау (VPN)

Виртуалды жеке желі (VPN virtual private network) қолданыстағы электронды АТС жүйесі базасында бөлінген жабық топ абоненттерін құруды қамтамасыз етеді.

Топтағы абоненттер санына байланыс топ ішінде қысқартылып (екі-, үш-, төрт таңбалы) нөмірлеу.

Топтан тыс абоненттермен байланыс пайдаланушының талабы бойынша топ абоненттерінің шектеулі саны үшін қамтамасыз етіледі.

Топтың барлық абоненттері электронды АТС-ға қызмет көрсетудің қосымша түрлерінің толық жиынтығына қол жеткізе алады.

Қазіргі уақытта «Транстелеком» АҚ-да MPLS үстінен VPN Layer-2 және Layer-3 деңгейінде арналарды жалға алу қызметін ұсынуға мүмкіндік беретін IP MPL пайдаланымға енгізілді.

IP VPN қызметтері

Жалпақ топологияның (Multipoint Intranet) IP VPN виртуалды корпоративтік желілерін құру - ұйымның құрылымдық бөлімшелерін бір желіге байланыстыратын қызмет болып табылады.

IP VPN келесі бағыттармен жіктеледі:

1)қалалық («Транстелеком» АҚ жабдықтарына нақты портын бөлу бір облыстық/аудандық орталығы немесе ірі елді мекен іші); қалалық үшін IP VPN порт түсініктемесі қолданылады;

2)республикалық (абоненттердің сайттарының ҚР-ның әр қаласы мен елді мекендерде орналасқан корпоративті желісіне біріктірілетін логикалық интерфейс тармағының МСПД жабдығына - шлюзды ұйымдастыру); республикалық IP VPN үшін шлюз түсінігі пайдаланылады.

IP VPN – «Транстелеком» АҚ-ның деректерді тарату база желісінде корпоративті ІР-желісінің қорғалуын ұйымдастыру бойынша қызмет. Осы қызмет, IP VPN технологияға негізделген, коммутацияның арналы деңгейі және желі деңгейін маршруттау қасиетін жиынтықтай қолдану арқасында қауіпсіздігі жоғары деңгейде, сервис сапасы жоғары икемді және масштабталады.

IP VPN желісі жоғары жылдамдықты жер арналарына секундына 622 Мбит-ке дейін деректерін тарату жылдамдығын қамтуға негізделген. IP VPN қосылу қай бір қатынаушы клиенттік порттар және протоколдар: ADSL, FR, ATM, Ethernet, көмегімен жасалынады, сонымен бірге клиенттік порт жылдамдығы секундына 100 Мб (Ethernet).

IP VPN – экономикалық тартымды қызметі корпоративті желі құрылымының альтернативті нұсқаларымен салыстырғанда әртүрлі қосымшалар (дауыс, бейне, ІТ-желісі корпоративті деректері, Интернетке қатынау) қызмет ұсыну сапасы деңгейін жоғалтпайды.

IP VPN қызметі келесілерді қамтамасыз етеді:

1)мәліметтерді тарату жер үсті арналарының жоғары жылдамдықтағы желілеріне негізделген бірегей сапа мен сенімділікті;

2)мәліметтерді тарату арналарын екі еселік резервтеу - 15 милисекундтан кем емес уақытта магистральдық арнаның түсуі кезінде клиенттік трафиктің баламалы бағыты;

3)мәліметтерді тарату мен мәліметтер пакетін өңдеудің жоғары жылдамдығы: гигабайт жылдамдыққа дейін жеңіл ұлғаюына байланысты, берілетін ақпараттың ұлғаюына байланысты, абоненттің техникалық шешімі өзгермейтіндігін;

4)ұлғаюдың жеңілдігін, абоненттің бас офисі портының өткізгіштік қабілетін үнемдейтін абонент желісінің толық байланыс топологиясын;

5)қызмет көрсетудің әр түрлі кластарын қолдауды және басқаруды: қолданушы кез келген бизнес-қосымшаның трафигін өзі орнату және реттеуін;

6)қызмет көрсетуді жоғалтпай, әр текті трафиктің бірігуі (дауыс, мәліметтер, бейне): Корпоративті желіде IP VPN негізінде қызмет көрсету класы бойынша бөлумен әр түрлі мәліметтер таратудың бірігу мүмкіндігін;

7)рұқсатсыз кіруден қорғайды: IP VPN желілерден айрылған, яғни абоненттің трафигі толықтай сырттан рұқсатсыз кіруден қорғалған;

8)экономикалық жағынан тиімді: виртуалды жеке желіде сапалы бейнеконференцбайланыс ұйымдастыру мүмкіндігі, бұл корпоративті желі шеңберінде телефон қоңырауларының бағасын едәуір төмендетеді және шешімдерді қабылдаудың жылдамдығын ұлғайтады;

9)территорияны кең көлемде қамту: ҚР-ның 100-ден астам елді мекендерінде қызметке қатынау.

IP VPN қызметі абонент тораптарын виртуалды бөлінген желісімен біріктіреді. «Транстелеком» АҚ желісі абонент тораптары арасындағы ІР-трафигінің маршруттауын қамтамасыз етеді. Абонентке ұсынылатын виртуалды желісінің мекенжайлық кеңістігі толығымен байланыссыз және өз еріктерімен таңдалуы мүмкін. Абоненттің көзқарасымен «Транстелеком» АҚ оған абоненттің барлық тораптарын тікелей қосатын виртуалды маршруттауды ұсынады.

Осы қызметті ұйымдастыру кезінде статикалық сияқты динамикалық (BGP) маршруттау хаттамалары қолданылуы мүмкін. Абонент динамикалық маршруттау хаттамаларын қолдану кезінде бұл жөнінде «Транстелеком» АҚ ақпараттандырмай өз желілерін өзгерту, мекенжайлық кеңістігін қайта ұйымдастыруды жүргізу, жаңа сегменттерді құру және т.б. мүмкіндіктерін алады.

Абоненттің барлық сайттары «әркім-әркіммен» байланысын ұйымдастыратын желінің «тегіс» архетиктурасын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін бір корпоративті желісіне біріктіріледі. Қалалық деңгейде бұл L2VPN ұйымдастыру есебінен жеткізіледі, яғни абоненттің барлық сайттары бір VLAN-ға біріктіріледі.

Корпоративті желілерді ұйымдастыру

«Транстелеком» АҚ - өз клиенттеріне талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы үнемі жоғары жылдамдықты жалғануды қамтамасыз ететін, біріктірілген дыбысты, бейне және деректерді таратумен территориялық -тарату корпоративті желілері (Intranet) құрылымы қызметін ұсынады.

Филиалды желісі бар кәсіпорындарда, деректердің жалпы базасына, сонымен бірге өз филиалдарымен жедел және құпия байланысына әрдайым қажеттілігі бар. Мұндай жағдайда өте нәтижелі шешім компания филиалдарын бөлінген цифрлы арналар көмегімен бірыңғай құрылымға біріктіру болып табылады.

Қызмет көрсетудің кепілденген деңгейімен бөлінген байланыс арналарымен қашықталған алаңдарын біріктіру компанияға кәсіпорынды басқарудың орталықтандырылған жүйесін енгізу, электронды құжат айналымын ұйымдастыруға және офистердің өзара әрекеті нәтижелілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.


Нурмурзаев Рахимжан Куанышбаевич
05.02.2017 01:16:07
Добрый день Жанболат Уракович хотелось бы отметить что вашей компании работают очень хорошие специалисты мастера своего дела я…