ТЫҢДАҢЫЗДАР!!!
Online подключение услуг
АО «Транстелеком»!!!

Астана, Казахстан — 03.02.2014 10:51:40

Ақтөбетранстелеком

1999 жылдың 9 қарашасында байланыс және сигнал беру дистанциясының құрамынан шығу арқылы,«ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның құрылымын өзгерту туралы бұйрығымен «Транстелеком» АҚ компаниясы құрылды.

«Транстелеком» АҚ-ның ірі филиалдарының бірі - Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбетранстелеком» филиалы болып табылады.

Ақтөбе филиалы - Батыс аймақтағы телекоммуникация нарығында қызметтің толық спектрін ұсынатын тораптың бірі.

Негізгі клиенттері: «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның кәсіпорындары мен бюджет саласындағы мекемелер және басқа да заңды тұлғалар болып табылады.

Филиал цифрлы АТС базасында 8 мыңнан астам телефон, КЖҚ Интернеттің екі мыңнан астам абоненттеріне қызмет көрсетеді.

Филиалдың негізгі мақсаты - мекеменің клиенттер базасы бөлігінің көпшілігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелеріне байланысты қамтамасыз ету және бизнес- процестерді қолдау үшін телекоммуникация қызметін көрсету.

Негізгі телекоммуникация қызметінен басқа:IP VPN арналарын жалға беру (VPN), корпоративті желілерді ұйымдастыру, деректер мен дауыстардың халықаралық транзиті, Интерактивті теледидар сияқты қызметтерді ұсынуға мүмкіндігі бар.

Бүгінгі таңда филиалдың жергілікті желісінің ұзындығы - 237 км.

«Транстелеком» АҚ бүгінгі таңда VPN деңгейіндегі L2 және L3 виртаулды арналарын жалға беру қызметін ұсынуға мүмкіндік беретін, сонымен бірге Интернет ресурстарына xDSL және WiFi, Ethernet технологиялар базасына қатынау, IP-телефония және басқа да көптеген мүмкіншіліктер беретін IPMPLS желісін пайдаланымға енгізді. Желі Alcatel-Lucent-тің техникалық шешімінің негізінде салынды.

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында жергілікті және республикалық «Қазтранском» АҚ, «СВИМ» ЖШС, «Байнур и П» ЖШС, «Аксиком» ЖШС, «Радиобайланыс» ЖШС, «Теле 2» ЖШС сияқты операторлармен түйісулері бар.

Жеке тұлғалар да, корпоративті қолданушылар да және байланыс операторлары да «Транстелеком» АҚ клиенттері бола алады.

«Транстелеком» АҚ әріптестері: телекоммуникация саласындағы жетекші компаниялар және байланыс қызметі нарығындағы әлемдік көшбасшылар болып табылады.

Филиал өз клиенттерінің телекоммуникация қызметіне деген қажеттіліктерін барынша толық және сапалы қанағаттандыруға табанды түрде ұмтылады және оларға алғы шептегі телекоммуникация технологиялары негізінде бизнесті тиімді басқаруға мүмкіндік ұсынады.

Байланыс ақпараты:

Қазақстан Республикасы, 030000, Ақтөбе қаласы, Ә. Молдағұлова даңғылы , 49.

тел.:+7 (7132) 97 42 55

факс:+ 7 (7132) 97 42 67


Личный кабинет
Алматытранстелеком
Астанатранстелеком
Атыраутранстелеком
Жамбылтранстелеком
Карагандатранстелеком
Кокшетаутранстелеком
Костанайтранстелеком
Кызылордатранстелеком
Оскементранстелеком
Павлодартранстелеком
Семейтранстелеком
Шымкенттранстелеком

Нурмурзаев Рахимжан Куанышбаевич
05.02.2017 01:16:07
Добрый день Жанболат Уракович хотелось бы отметить что вашей компании работают очень хорошие специалисты мастера своего дела я…